Анама қандай сыйлық сыйлаймын? (шығарма)
Жақын арада менің ең жақын адамым, маған ең қымбат адам, яғни менің анамның туған күні. Мен осы жолы анамның туған күніне не сыйлаймын? деп алдын - ала ойланып, дайындала бастадым. Әрине, мен әлі мектеп оқушысы болғандықтан анама қымбат сыйлық сатып алып бере алмаймын, дегенмен де қаржылай мүмкіндігім болмаса да, тосынсый жасағым келді. Сәби күнімде анама туған күні мен мерекелерге орай қолдан ашық хат жасап сыйлайтынмын, анам бұл сыйлығыма өте қатты қуанып, риза болатын. Қазір сәл бой жеткендіктен, анама арнап мерекелік кешкі ас дайындамақшы болдым. Қазір техниканың дамығаны қандай жақсы болды, ғаламтордан іздеген нәрсенің бәрін тауып алуға болады. Сөйтіп, мен өзіме керекті тамақ рецептін еш қиындықсыз тауып алып, әзірлеуге кірістім. Сонымен қатар қарапайым тәтті тоқыш да әзірлеп, үстіне қолымнан келгенше «Анашым, туған күніңізбен» деген жазу жаздым. Кешке анам жұмыстан шаршап келгенде алдынан сүйікті тамағы мен тәтті тоқашты көргенде қуанышында шек болмады. Бұл жасаған тосынсыйым анамның көңілінен шыққанына мен де қатты қуанып қалдым. Әзірлеген тамағым да ойдағыдай шығыпты. Ендігәрі отбасы мүшелерін тамақ әзірлеп, жиі қуантып тұруға тырысамын.
Зергерлік өнер — қазақ қолөнерінің бір түрі. Зергерлік өнер Ұлы дала елінің сән-салтанатын, байлығын, биік талғамын көрсетеді. Зергерлер көбінесе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасайды. Сәндік бұйымдарға білезік, сақина, жүзік, сырға жатады. Сырға — құлаққа тағатын сәндік зергерлік бұйым. «Сырға тіл-көзден сақтайды» деген түсінік бар. Құлаққа сырға таққанда: «Құлағың ауырма- сын, жаман сөз естіме, ажарлы бол!» — деп тілек айтқан. Білезік — ертеден келе жатқан білекке тағатын сәндік бұйым. Қыз бала 3-4 жасқа келген кезде ата-анасы білезік соқтырған. Білезікті екі қолға, кейде бір қолға тағады. Кейде бір қолға екі білезік тағады. Әшекей бұйымдарды «Қыз бала сән-салтанатта өссін!» деген оймен алтын-күмістен соқтырған. Білезік бергенде: «Қолың өнерлі болсын!» — деп тілек айтқан. Сәндік бұйымдар оюмен әшекейленген. Жүзік — қыздар мен әйелдердің саусағына тағылатын зергерлік бұйым. Зергерлер жүзікті асыл тастармен безендіріп, ою-өрнекпен әшекейлеген. Зергерлік бұйымдар қазақ өнері мен мәдениетін паш етеді