Тілші:
- Шиелілік қыз-келіншектер соңғы кездері жоғалып бара жатқан киіз басу өнерін қайта жаңғыртып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасай бастады. Қолдан жасалған бағалы бұйымдар ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесінде туристер назарына ұсынылмақ.
Шетелдік қонақтарды қызықтыратын да осы қолдан жасалған қолөнер бұйымдары. Әсіресе, ұлттық нақышта дайындалған кәдесыйларға деген сұраныс жоғары.
Айжан Бекқұлова, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы:
- Әрине, тек сыйлық ретінде ғана емес, сондай-ақ тұрмысқа қажетті текемет, қамзол, көйлек, етік, қолғаптардың да сан түрін жасауға болады. Қазір қолдан жасалған экологиялық таза заттарға сұраныс жоғары. Сондықтан да біз Қызылордада туризм саласын дамытуға жұмыс жасап жатырмыз. Әуелі қыз-келіншектерді оқытып, үйретіп алмақпыз. Сонан соң дайын өнімдерді көрмеге қою, сайттарға шығару, сату жұмыстарымен айналысамыз. Маған тренингке қатысып жатқан қыздардың белсенділігі өте ұнады. Барлығының да қызығушылықтары мол, ерекше ынта-жігермен іске кірісіп кетеді . Қазақы дәстүрді жалғастырып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасау – өте маңызды кәсіп.
1. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.
Сұрақтар
1.
2.
2. Мәтіндегі негізгі мәселені анықтаңыз.
3. «Ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың тиімді жолдары қандай?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Еңбек бөлінісі – еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады. Негізгі 3 түрге бөлінеді:
жалпы қоғамдық өндіріс ауқымында қалыптасатын жалпы еңбек бөлінісі;
түрлі салалар мен өндірістер арасында орын алатын жеке еңбек бөлінісі;
жекелеген кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлер арасында орын алатын жеке-дара еңбек бөлінісі
Сонымен қатар аумақтық, халықаралық еңбек бөлінісі де болады. Кәсіпорындарда:
қызметкерлердің өндірістік-шаруашылық қызметтерге қатысуына, орындалатын міндеттердің сипатына, өндірістік үдеріске қатысуына қарай атқарымдық еңбек бөлінісі;
еңбек үдерісінің технологиялық жағынан бір текті жұмыс түрлері бойынша саралануына негізделген технологиялық еңбек бөлінісі;
қызметкерлерді кәсібі (мамандығы) және біліктілік деңгейі (разрядтар, санаттар) бойынша бөлетін кәсіптік-біліктілік еңбек бөлінісі.