М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Навруза
Навруза
11.04.2021 00:36 •  Қазақ тiлi

Отбасылык бакыттын купиясы такырыбында жоба курастыр​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Mara1111176
Mara1111176
11.04.2021

Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.

Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.

Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.

Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.

Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!

4,5(80 оценок)
Ответ:
ailyn2111
ailyn2111
11.04.2021
Шығарманың композициялық құрылысы
1.Шығарманың басталуы: Көктал қыстаған Құрман атаның ауылы жайлауға қонып, көптен көріспеген ел мәре-сәре болып жатқанда ауылға екі адам келіп түседі. Ертесіне ауылға крестьянский начальник келеді. Бәрі соның келуін тамашалап отырғанда топ ішінде Сәрсенбайдан біреу Шолпан жеңешем «тақия тігіп беретін» тапты деп сүйінші сұрайды.

2. Шығарманың дамуы: Ары қарай оқиғаны жалғастырмас бұрын Сәрсенбайдың кім екеніне тоқталып өтеді. Ол еш оқымаған, момын а көтермей бір күні қу бас деген сөз естіп, үйленуге бел буып, ағайындарын жинап, Жарас молданың Шолпан атты қызын алады. Сәрсенбай 45-ке, Шолпан 17-ге келгенде манағы топ ішінде сүйіншілеген Жамал дүниеге келеді. Бірінші көрген баласы болған соң Сәрсенбай үлкен той жасайды.

3. Шығарманың байланысы: Жамал сағынып көрген баланың алды болған соң бетінен қақпай, ұл балаша тәрбие береді. Бірде Сәрсенбайдың үйіне молда келеді. Жамалжан деп әкесі жұмсап жібереді. Сонда молда мырзаңызға қыздың есімін қойғансыз ба? – деп таңданады. Сонда ұл баладан кем екендігін айтқанында, молда қыз балаға тұлым қойып, оқыту керектігін ескертіп кетеді. Содан кейін Сәрсенбай Ғазиз деген татар оқытушысын ұстап, Жамалды оқытады, қызша киіндіреді. Қалампыр: «Жамал әлі кішкентай, өссін, сосын тұлым қойып, оқытамыз» - дейді. Сыртқа жаны ашып тұрғандай болғанымен ішінен тоқалдың қызын жақтырмайды. Ғазиз Жамалдың зеректігін байқап, сабақ соңынан алып қалып, әріп таныта бастайды. Жамал қазақтың қисса-жырларын жатқа білетін болады.

4. Шығарманың шиеленісі: Сәрсенбай болыстыққа сайлауға түседі де жеңіліп қалады. Кеткен шығынын ойласа намысына тиетін болады. Сөйтіп жүргенде болыспен құда Байжан таз Жұман баласына қыз іздеп, Сәрсенбаймен құда болады. Жамал өсе келе атастырылған жарының жаман, таз, ақылсыз екенін біледі. Өз көңілін көтеру үшін үнемі жиын-тойларға барып жүреді. Сондай тойлардың бірінде Ғалимен танысады.

5. Шығарманың шарықтау шегі: Ғали мен Жамал арасында махаббат оты орнап, үнемі хат жазысып жүріп, бір күні екеуі қашып кетеді. Қаладағы саудадас досы Фатихолла байдың үйін паналайды. Бұларды іздеп маза бермегендіктен Ғалидың нағашылары жаққа кетеді. Онда Ғали бара сала 13 күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде көз жұмады. Жамалды шешесі келіп алып кетеді. Ғалидің өлімі Жамалдың Байжан босағасына баруына себеп болады.

6. Шығарманың шешімі: Байжанның үйінде Жамал еш бақыт таба алмайды. Боранды түнде қалаға барып, Фатихолланың үйінде самауыр қайнатсамда, Байжанның таяғынан құтылайын деп боранды түнде адасып өледі.
4,4(28 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ