М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
megadruzhinins
megadruzhinins
07.09.2022 07:42 •  Қазақ тiлi

Тауаида Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс
екенін анықтаңыз- прочитайте текст внимательно и определите в
таблице правильную и неправильную информацию
Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде
КСРО-дагы жалгыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден
бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр
тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туган-туыстарындай жақсы
көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан коптұлтты мемлекет атанып отыр.
Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достыгы өнеге, халықтар достығы үлгі-
дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастыгына
тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан
үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-
мақсаты бір және олардың еркiн еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына,
саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалгангой. Ең ерекшелік сол -
кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы,
Ресейде мұндай үрдіс жоқ,
(2)
+ Дұрыс Бұрыс
Ақпараттар
Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан
белгілі
Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тагдыр-
тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген
ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай
жақсы көрді
Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс бар.


Тауаида Орындау уақыты 15-20 минут 1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, кестедегі ақпараттардың дұрыс нем

👇
Открыть все ответы
Ответ:
toguzov2005
toguzov2005
07.09.2022

Қазақстанның көрнекті жерлері.

Ұлан байтақ аумақты алып жатқан Қазақстанның дархан даласы - ауыз толтырып айтарлықтай көрнекті жерлерге бай өлке. Тіпті әлемнің басқа еш жерінде кездеспейтін табиғаттың әсем көріністері де жетерлік.

Әрине, сөзді ең алдымен елордамыз, тәуелсіз Қазақстанның символы - Нұр – cұлтан қаласынан бастаған жөн болар. Мұнда ҚР Президентінің резиденциясы – Ақорда, елдің ең басты монументі – Бәйтерек, сондай-ақ танымал «Атамекен» этно-мемориалдық кешені бар. Сонымен қатар, естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы елордада халықаралық EXPO көрмесі өткізілген болатын.

Ал Қазақстанның «оңтүстік астанасы», мәдениет орталығы Алматы қаласы архитектуралық ескерткіштер мен сұлу табиғатымен танымал. Бұл жерде аты әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны, Көктөбе, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы, Тәуелсіздік монументі және Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты секілді көрнекті жерлер көп. Биік тау баурайындағы қала бүгінде мәдени, тарихи, өндірістік ортаға айналған.

Кезінде Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан көне қалалардың бірі Түркістанда өз заманындағы сәулет өнерінің  ерекше туындысы болып табылатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан.

Көрнекті жерлер қатарына сонымен қатар Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан, ұлттық парк құрамына кіретін Шарын шатқалын қоса кеткен жөн болар. 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан шатқал отандық және шет¬елдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас.

Әрине, бұл толық тізім емес, себебі кең байтақ елімнің көрнекті жерлерін бір шығармаға сыдыру мүмкін емес. Менің атапөткенім, тек бастамасы ғана деп білсеңіздер болады.

4,8(12 оценок)
Ответ:
Homka2284
Homka2284
07.09.2022

    Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.

    Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.

4,4(28 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ