М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
999Человек999
999Человек999
06.02.2023 16:33 •  Қазақ тiлi

Мәтіндегі күрделі сан есімдерді теріп жазыңыз. Экотуризм

Соңғы жылдары әлемдік туризм картасында еліміз эко-дестинация ретінде жиі белгіленіп жүр. Қазақстанның экотуризм бойынша рейтингтерде бой көрсетуі де соған дәлел. Мысалы, ағымдағы жылдың басында Британдық бэкпекерлер қоғамы белсенді эко-саяхатқа әуес туристер үшін 2020 жылы «must visit» тізімінде Қазақстанды «үздік бестікке» жайғастырды, беделді Gulf News ба мәлімдеуінше Үлкен Алматы көлі БАӘ тұрғындары үшін «Үздік-5 дестинация» қатарына кіреді. Қазақстанның бұл аталғаннан бөлек табиғи байлық, игілігі өте көп. Ұлы Дала жерінде 13 ұлттық саябақ, 10 қорық, 6 табиғи резерват, 50 қаумал, 5 қорықтық аймақ, 79 табиғи ескерткіш орналасқан. Елдегі ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтардың жалпы ауданы республика жерінің 9%-ын алып жатыр. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бұл жерге толықтай Ұлыбритания сыйып кетер еді​

👇
Ответ:
SApevalova
SApevalova
06.02.2023

күрделі сан есімдер (2020,10,13,50,79

4,8(99 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Самира271106
Самира271106
06.02.2023
Әр адамға туған жері,Отаны, туып өскен өлкесі қымбат.Сәби дүниеге шыр етіп  келгенінен бастап оған бұл жер өте ыстық,тіпті оны өз анасындай көруі тиіс.

   Егер де сен бір жырақта, Отаныңнан басқа жрге бір жұмыспен немесе оқуға кетсең,Атамекеніңді ұмытпай жүргенің түбінде сақтайсың.Тіпті бір күн болмай жатып сағынасың.Бұл барлық адамда болтын сезім.Атамекенің-алтын ұяң.Тіпті алтыннан да қымбат.Туған жерге аралған ақын-жазушылардың  көптеген өлең-жырлары қаншама десеңші.Туған өлкені ештеңемен айыр бастауға болмайды.Атамекен әнін Ескендір Қасанғалиев атамыз көңілдің күйін, жүректің сырын шертіп,үлкен толғаумен патриоттық сезіммен айтады.Атамекенін әнге қосып айтқан адам туған жерін өте қадір тұтады.
4,7(47 оценок)
Ответ:
kristina13131
kristina13131
06.02.2023
Ұшақ, (аэроплан) — қозғалтқыш арқылы атмосферада ұшуға арналған, қозғалмайтын қанаты бар, ауадан ауыр ұшу аппараты. Бұл аппарат өз қозғалтқышының тарту күшімен белгілі бір жылдамдықпен қозғалған кезде қанатында пайда болатын көтергіш күш әсерінен аспанға көтеріледі. Бу машинасы орнатылған қозғалтқыш күшімен ұшатын ұшақтың ең алғашқы жобасын 1881 ж. А.Ф. Можайский (1825 — 1890) жасаған. Сол кезеңге дейін жасалып, сыналып жүрген аппараттардың бәрі моторсыз ұшу аппараттары еді. Ұшу жылдамдығына байланысты ұшақтар дыбыстың ауада таралу жылдамдығынан кем және одан артық шапшаңдықпен ұшатын ұшақтарға ажыратылады. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығынан бес еседен артық шапшаңдықпен ұшатын ұшақ гипердыбыстық ұшақ деп аталады. Ұшақтардың бәрінде: қанат, фюзеляж, тіректер (тік және көлденең), шасси және күш қондырғысы деп аталатын ортақ агрегаттар бар. Қанат көтергіш күш тудырумен бірге көлденең бағыттағы орнықтылықты қамтамасыз етеді. Көп жағдайларда онда қозғалтқыштар, шассидің негізгі доңғалақтары бекітіледі әрі оның қуысына жанар май құйылады. Жалғыз қанатты ұшақ — моноплан, ал қанаттары екі қабат орналасқан ұшақ — биплан деп аталады.

Ұшақтың ұшу-қону сипаттамаларын жақсарту үшін қанаттың алды, арты арнайы құрылғылармен (бөліктермен) жабдықталады. Экипаж мүшелері, жолаушылар отыратын, жүк кейде қозғалтқыштар, шассидің негізгі доңғалақтары орналастырылатын және ұшақтың барлық бөліктерін тұтастырып біріктіруге арналған бөлік фюзеляж немесе корпус деп аталады. Гидроұшақта фюзеляж рөлін қайық атқарады. Тік тірек ұшақтың бойлық орнықтылығын қамтамасыз етеді. Ол қозғалмайтын немесе шектеулі ғана қозғалыс жасайтын тұрақтандырғыштан және қозғалмалы биіктік рулінен құралады. Тік тіректе қозғалмайтын бөлік — киль және қозғалмалы бағыты — рулі бар. Дыбыстың таралу жылдамдығынан тез ұшатын ұшақтардың тіректері тұтасымен бұралатын, яғни тұтастай басқарылатын болып жасалады. Ұшақтың алдында орнатылатын және қонғаннан кейін қозғалуына мүмкіндік беретін доңғалақтар жүйесі шасси деп аталады. Көпшілік жағдайларда шасси жиналмалы болып жасалады. Ұшарда және қонарда жол талғамайтын ұшақтың түрі амфибия деп аталады. Бұл ұшақтың доңғалақты шассиі және қайық тәрізді корпусы болады. Күш қондырғысы тарту күшін тудырады. Ол бірнеше қозғалтқыш кешенінен тұрады. Тарту күшін піспекті қозғалтқыштарда ауа винттері, трубовинтті қозғалтқыштарда ауа винттеріне қоса газ реакциясы, ал реактивті қозғалтқыштарда тек газ реакциясы, яғни реактивтік күш тудырады.

Қолдану мақсатына сәйкес ұшақтар азаматтық және әскери ұшақ болып ажыратылады. Азаматтық ұшақтарға көліктік (жолаушылар таситын, жүк таситын, т.б.), спорттық, туристік, а. ш. жұмыстарына арналған, т.б. арнайы мақсаттық ұшақтар жатқызылады. Көліктік ұшақтар ұшу жолының ұзындығына орай құрлықаралық, магистралдық, жергілікті желі ұшақтарына топталады. Әскери ұшақтар көліктік, байланыстық, санитарлық, т.б. болып бөлінеді. Ұшақтардың ұшу жылдамдығының артуы оның ұшу-қону жолын ұзартады. Қазіргі кезде тік көтеріліп ұшатын әрі тік төмендеп қонатын ұшақтар кеңінен қолданылады.
4,4(31 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ