Мәтіннен анықтаған негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселелер бойынша кемінде 3 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтардың ақпараттар мен мәселелерді анықтауға бағытталуын ескеріңіз. «Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птолемей болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардың өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.
Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің түкпір- түкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта Азияның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды.
«Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта Азиялық математик Әл-Хорезми басшылық жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдатқа барған. Осы кездегі Бағдат Халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар.
Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан жиналатынын ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғаны айтпаса да түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек жолы» деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары қала болғаны даусыз.
Арманның түсі.
Арман 5-сыныпта оқиды. Үй тапсырмасын орындап болып ұйқыға кеткен...
Кенет Арман көзін ашса аспанда көліктер ұшып жүр екен. Зәулім әйнектен құралған ғимараттар қоршап тұр. "Мәссаған! Мен қайдамын?" деп көзін уқалап, орнынан тұрып жан-жағына зер салды. Адамдар бір табақшаға мініп, ұшып жүр. Алдарында монитор. Тура Арманның өзі көріп жүрген фильмдердегідей. Содан Арман мең-зең боп тұрғанда бір бала оны қағып кетті:
– Қап, кешір, достым! Асығыс едім, - деп Арманды тұрғызды.
– Ештеңе етпейді. Кешір, бірақ қазір қай уақыт?
– Қызық екенсің. Қазір 25-ғасыр. Бір жеріңді ауыртып алған сияқтысың ғой...
– А, жоға...Есімің кім?
– Сәбит боламын. Сенің ше?
– Арманмын.
– Е-е, сен ешқайда асықпасаң, маған көмектесе аласың ба?
– Не көмек керек, Сәбит?
– Құлағыңды жақындатшы...Роботтар әлемді жаулап алмақшы. Mega-25 атты робот бұған дейінгілерінен әлдеқайда күшті. Біз оның істен шығару керекпіз. Қалай, көмектесесің бе?
– Әлбетте, көмектесемін! – деді де екеуі Сәбит айтқан зерттеу орталығына келді. Арман үй тапсырмасын өзі-ақ орындайтын қадамдарды, тамақты өзі пісіретін аспазшы-роботтар және т.б. басқаларын көрді.Сәбит оған:
– Арман, адамдар ақылды болғанымен еріншек боп бара жатыр. Адамзаттың орнын роботтардың басу қауіпі бар.Біз сол үшін жұмыстанып жатырмыз,- деді. Арман қатты таң қалды. Ақыры олар көп отырып Mega-25-ті істен шығаратын сұйықтық ойлап тапты... Арман!
– Арман, балам, тұрсаңшы! Сабаққа кешігесің,- деп анасы оятып жіберді. Арман қатты қорықты. Себебі әлемді роботтар басып алса ол әлем зұлымдыққа толы болар еді. Бұдан бұлай ол үй тапсырмасын тыңғылықты орындап, компьютерлік ойындарды да көп ойнамауға бел буды.