Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, сөзбен жеңген. Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс. Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен көреміз.
Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сөзді әсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби тілімізді байытуға қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді.
1. Мәтіннің негізгі ойын анықта:
[2 б]
2. Мәтінде қою қаріппен берілген сөздерді қатыстырып 2 кезектес салалас құрмалас сөйлем, 2 талғаулы салалас құрамлас сөйлем құрастырыңыз.
[2 б]
3. Өзіңіз таңдаған айтыскер ақынның бірімен сұхбат мәтінін жазыңыз (диалог) .
Саққұлақ.
(1) Біздің отбасымыз ауылдық жерде тұратындықтан ит асырағанды жөн көреді.Мен дүние есігін ашқаннан бері аулада менімен бірге өскен, отбасымыздың кезекті "күзетшісі" – Саққұлақ болды.Бір білерім ол мен ес білгелі жанымда.Өте ақылды да сақ ит болды.Көп үрмейтін де.Оның сыртқы бейнесіне келсек,ол түгелімен қара түсті болды.Қара болғанымен,өте сүйкімді еді.Оны отбасымызбен жақсы көрдік.
(2) Қыстың бір күні ол үйге ақсақ күйде оралды.Сіңілім екеуміз үйден атып шықтық.Сөйтсе,иттің аяғын жеңіл көлік басып кетіпті.Атам Саққұлақты шөптің үстіне жатқызып,үстіне артылып қалған көрпелерді жауып жатыр екен.Не дегенмен қыс қой,күн суық.Бәріміз Саққұлақ үшін уайымдаған едік.
(3) Көп ұзамай сүйікті итіміз аяғының әсерінен мерт болған еді.Одан кейін екі итті асырадық.Бірақ ешқайсысы Саққұлақтың орнын баса алмаған еді.
(1) – оқиғаның басталуы
(2) – оқиғаның дамуы
(3) – оқиғаның аяқталуы.