М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Наташа006
Наташа006
13.06.2020 05:48 •  Қазақ тiлi

5-тапсырма Жоғарыдағы мәтінді өз ойыңызбен жалғастырыңыз. Жай сөйлемдерді құрылымдық ерекшелігіне қарай қолданыңыз Мәтін үзіндісін оқыңыз.

Әзіл-ысқақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше алаңдатады?
— Меніңше театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады. Тақырыпқа жеңіл желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін сияқты. Тағы бір мәселе, қазіргі жастар сахнаға шығып алып өздерін жарнамалауға бейім. Оны өздері де байқамайды. Үлкен трибунаға шыққанда өте ыңғайсыз дүние. Өкініштісі, бүгінгі таңда өзін өзі жарнамалау өрескел сипат алып бара жатыр. Әсіресе үлкен шоуларда, концерттерде қатты белең алғанын байқаймыз. Бұл сахналық мәдениетке томпақ нәрсе. Сондай-ақ телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай әзілге құралған дүниелер беріліп жатады. Қарасаң талғам мен эстетика жетпейді. Тақырып аялары өте тар. Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты. Ал жақсы әзіл арзан күлкіге құралмау керек. Ол керісінше адамды ойлантуға, өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек.
Жай сөйлемнің құрылымдық түрлерін (жақсыз сөйлем, жайылма, болымсыз, атаулы сөйлем) қолдана отырып, мəтінді жалғастырыңыз


5-тапсырма Жоғарыдағы мәтінді өз ойыңызбен жалғастырыңыз. Жай сөйлемдерді құрылымдық ерекшелігіне қа

👇
Открыть все ответы
Ответ:
privetloll
privetloll
13.06.2020
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.

Жеті-тоғыз жастан әрі қарай тұңғыш немере ұлдың тәрбиесі атасының қолына өтеді, Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Бұл кездегі тәрбиенің мазмұны атаға ілесе жүріп, көрген-білгенін көңілге тоқудан құралады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға т.б. қатысып, соларды ұғынуға, білуге тырысады. Атаның «визуалды» тәрбиесінен өткен баланы былайғы жұрт көргенді бала деп атайды. Қазақ паремеологизмі Атың бар да жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп деп кеңес береді. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады
4,6(94 оценок)
Ответ:
Evgenia111111111111
Evgenia111111111111
13.06.2020

Фантастика - ең ескі жанр. Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика. Кезінде фантаст жазушыларымыздың қаламынан туған «робот» есімді темір адамдар жеті қат көктегі жұлдыздар әлемінде қадам басып, жер астына дейін сапар шекті. Кеңес дәуірінде осындай қиял-ғажайыпқа толы романдар, повестер, хикаяттар, әңгімелер жетіп артылатын. Олардың бәрі келешек пен өткен заманның құпияларын барлап, хал-қадерінше әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ықпал етті.

Ал қазір ше? Қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады. 

4,5(51 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ