Орта ғасырлар тарихы адамзат өмірінің аса маңызды кезеңінің бірі болды. Орта ғасырлар құл иеленушілік құрылыстың жойылуынан, оның орнына феодалдық құрылыстың келуінен басталды. Феодалдық құрылыс бұрынғы құл иеленушілікке қарағанда озық құрылыс болды. Қоғамның негізгі өндіргіш күші - еңбекші халық бұқарасының еңбек өнімділігін арттыра түсуге деген ынтасы феодалдық құрылыс кезінде әлдеқайда өсе түсті. Орта ғасырлар кезінде әлем халықтарының өмірге, оның мән-мақсатына деген ой-пікірін, көзқарасын тұжырымдауға зор үлес қосқан жаңа христиан және ислам діндері қалыптасты. Христиан дінінің басшылары күпірлерді қудалауға ұшыратты. Батыс Еуропа халықтарын Шығыс елдеріне айдап салып отырды.
Күйші туралы.
Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.
Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.
Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.