жанна д'арк- францияның ұлттық батыр қызы.ресми туған күні - 6 қаңтар 1412ж.жанна д ' арк француздық домреми ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.жүз жылдық соғыстың барысында 1337-1453 ағылшын басқыншыларына қарсы француз халқының күресін басқарды.1430ж. 23 мамыр күні қоршаудағы компьен қаласы түбіндегі шабуылда ағылшындардың одақтасы бургундардың тұтқынына түсіп, олар жанна д’аркты ағылшындарға сатты.руандағы шіркеу соты оны құдайдан безген, сиқыршы деп айыптап, өртеп жіберді. 1456ж. осы іс қайта қаралып, оның есімі салтанатпен ақталды. 1920ж. католик шіркеуі оны әулиелер қатарына қосты.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.