М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
stanislove777
stanislove777
19.02.2022 12:44 •  Қазақ тiлi

Помагите 5-тапсырма. Мәтінді оқы. Шылаулардың түрлерін ажыратып, топтап жаз.

Демография - халық санын, өсімін, құрамын анықтайтын ғылым. Демографтар негізгі үш мәселеге көңіл бөледі: туу, өлім, миграция. Алғашқы «миграция» туралы ғылыми ұғымды ағылшын ғалымы Е. Равенштейн 1885-89 жылдары енгізді. Ол миграция немесе көші-қон белгісін «адамның мекенжайының тұрақты немесе уақытша өзгеруі» деп өте қарапайым түрде түсіндіреді.

Миграция - бүкіл жаһанды қамтып отырған үздіксіз үдеріс. Қазіргі кезде дүние- жүзіндегі халық саны 7 миллиардтан асты. Адам саны көбейген сайын миллиондаған халық кедейленіп, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету, білім беру қиынға соға бастады. Қоршаған орта ластанып, табиғи ресурс сарқыла түсуде. Осы мәселелердің салдарынан миграция пайда болды: адамдар бір географиялық орыннан екінші бір қонысқа ауысуда. Тұрғындардың жайлы қоныс табу мақсатындағы ел ішіндегі көші «ішкі миграция», мекен- жайын мемлекеттер ауқымында ауыстыруы «иммиграция» деп аталады.

Миграция бірнеше әлеуметтік мәселені туындатады. Бұл - жаңадан қоныстанушыларға қатысты әділеттілікке жатпайтын мәселелердің көрінісі. Айталық, АҚШ сияқты кейбір мемлекеттер иммигранттарға азаматтық алу құқын береді. Ал енді бір елдер иммигранттардың өзін былай қойғанда, олардың балалары мен немерелеріне де азаматтық бермейді. Мәселен, түрік эмигранттарының балалары қанша жерден Германияда туып-өсіп, оқып-тәрбиеленсе де, ешқашан ол елдің азаматтығын ала алмайды.

Демографтардың айтуынша, соңғы жиырма жылдағы экономикалық және саяси толқулар мен жаһандану туындатқан мүмкіндіктер халықаралық миграцияны арттырды. Жаһандық миграцияға соғыс пен ашаршылық факторлары әсер етеді. Дегенмен, кейбір мигранттар Оңтүстік Корея, Малайзия секілді жаңа индустриялы елдерге экономикалық даму мен жұмысқа орналасу мүмкіндігін де іздеп барады.

Ал мигранттардың үйіне жіберген табысы анағұрлым артта қалған елдердің өмір сүру деңгейін жақсартты ма, жоң па? Бұл сұрақ әлі де айқындалмады.

Миграцияның түрлері қысқа мерзімдік, ұзақ мерзімдік, қайта оралмайтын миграция, жүйелі түрде жүзеге асатын көші-қон, үздіксіз жүретін көші-қон, өз еркімен жүзеге асатын көші-қон, күштеу арқылы жүзеге асатын, қалаға, ауылға, сауда-саттық, экономикалық, еңбек мақсаттарымен біржолата жүзеге асатын көші-қон болып бөлінеді.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
natalyater1
natalyater1
19.02.2022
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 780 880 адам тұрады (1 ақпан 2013)[1]. Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.
 Толық мақаласы: Астана қаласының Бас жоспарыАстана қаласының Бас жоспары — Астана қаласының тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.
4,5(28 оценок)
Ответ:
lakomka2018
lakomka2018
19.02.2022
Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.
4,8(4 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ