2-тапсырма.Мәтіннен 1 негізгі (основная информация), 1 қосымша ақпаратты (дополнительная) анықтаңыз. Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
вот текст—I ғ – IX ғ бірінші жартысында қолөнер жақсы дамыған.Қазақтың зергерлік өнері – ерте заманнан бастау алып, халқымыздың өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып жатқан өнердің бірі. Әшекейлік заттар қашан да қыздар мен әйелдердің сұлулығын ерекшелендіріп, ажарландырып тұрады.
Зергерлер әшекейлерді жасауда алтын жалату, балқытып құю, нақыш салу, металға өрнек салу әдістерін қолданды. Айна, күміс және қола білезіктер, тарақ,сырға,алқа жасау кең тараған.
Адамзат алғаш игерген, зергерлер қолданатын негізгі металдардың бірі-алтын .Бұл металдың жақсы қасиеттері-иілгіштігі, төзімділігі, тозбайтындығы. Иілгіштігі ажарлы сары түсті алтын зергерлік өнердің негізгі металдарының бірі. Қазақстан аумағында табылған алтын ежелден өндірілгендігін дәлелдейді. Алтыннан білезіктер, сақина, жүзіктер ,қапсырмалар,ілгектер, кеуде әшекейлері- өңіржиек, тұмарша, алқа және шашқа тағатын шашбау жасаған.
Сор
Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).
Домбыраға қосалқы ішек тағылуы және ішекті қос-қостан тағу ол кездегі музыкант орындаушылардың аспаптың үнін жетілдіруді мақсат етіп, үнемі ізденіс үстінде болғанын көрсетеді.
Ішкі ішектер сыртқылармен унисон түрінде күйге келтіріледі де, аспаптың даусын күшейте түседі.