Достық туралы
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді.
Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі.
Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.
"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.
Аружан - оқу озаты әрі мектепте үлгілі, сыпайы оқушы.
Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.
Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!
Олимпиада – бейбітшілік елшісі.
Жоспар.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
А) Олимпиада ойындарының қысқаша тарихы.
Ә) Олимпиада ойындарын өткізетін қаланы таңдау.
Қорытынды.
Спорт – денсаулық кепілі екені баршамызға аян. Ал Олимпиада ойындары бейбітшілік елшісі атанып кеткен. Себебі Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Ал өзге елдердің спортшылары бір – бірімен күш сынасып, кімнің мықты екенін анықтайтын дүбірлі дода.
Олимпиада ойындары немесе Олимпиада төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Олимпиада ойындарының ұраны - «тезірек, жоғарырақ, күштірек». Олимпиада ойындары әрбір төрт жыл сайын өткізіліп тұрады, қысқы және жаздық болып екі түрге бөлінеді.
Олимпиада ойындары ежелге Грекиядан бастау алып, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылған болатын. Дүниежүзілік соғыс уақытында ойындар тоқтатылған болатын.
Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала, ойындарға 7 жыл қалғанда арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталады. Олимпиада өткізілетін қала ресми мәлімдемесін тапсырған бірнеше қала кандидаттарының ішінен таңдалады. Таңдау кандидат елдерінің өкілдері мен ХОК президенінен басқа барлық ХОК мүшелерінің құпия дауыс беруі арқылы өтеді.
Ереже бойынша соңғы дауыс беру рәсіміне кандидаттар тізімі арасында бес қаладан артық болмауы тиіс, бұл тізім бір жыл бұрын ХОК мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жеңімпаз кандидат дауыстардың жарытысынан артық жинау керек. Егер жеңімпаз алғашқы айналымда анықталмаса, онда екінші және кейінгі айналымдар өткізіледі.
Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет, Франция 5 рет, Ұлыбритания 3 рет, Германия 3 рет, Жапония, Италия, Канада 3 рет. Олимпиада ойындары барлығы 21 елде өткізілген. Жазғы ойындар 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.
Салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздің туын асқақтатын үздік спортшылармыз көп болсын дегім келеді.
Мәңгілік ел – нұрлы жолы қазақтың!
Мәңгілік ел идеясы– бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс.Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды: ашаршылық, соғыс,елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу- барлығын бастан кешірдік.Бірақ осының бірде – біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз.Шүкір, міне осының өзі – ақ мәңгі ел керегесі.550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәләмай, қайғы көрсек тереңіне батып кетпей,қуанышқа асып – таспай бүгінгі күнге аман – есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт.Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік елдің ірге тасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы,құрылуы осының айғағы.Мен үшін Мәңгілік ел осы кезеңнен бастау алды.Әлемде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта орналасқан қазақ жерін , қазақ елін мәңгілік ел болып қалуы үшін батырларымыз жоңғарлармен бетпе – бет келіп, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай , Шапырашты Наурызбай қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғап,халық қорғаны бола білді.Қолдан жасалған ашаршылықтың өзі қаншама қазақты қырғанымен қоймай, бір – біріне жауыз,ашкөз жәндіктей қылып , бірінің етін біріне жегізіп, қазақтың санын кемітіп, қала берсе басқа мемелекеттерге ауып кетіп, тарихи отанын кітаптардан оқитын тарыдай шашылған қазақтардың бытырауына себепкер де болды емес пе? Оның біреуін де көрмеген біз қандай бақытты ұрпақ едік!..
Ал Ұлы Отан соғысы жылдар аралығындағы созылған соғыста аталарымызды айтпағанда , апаларымыз Әлия Мәншүк, Хиуаз сияқты батыр апаларымыздың өзі қан майданда ерлікпен шайқасты . Соғыстың сұрапыл жылдарында соғыстағы аталарымыз бен апаларымыздың орны бір бөлек болса, тылда еңбек еткен ауыл адамдары соның ішіндегі ет жүрегі езіліп , күрсінген жүректің демімен дамыл таппай , ішінен тынып , балам соғыстан аман қайтса екен деп тілеген , еркектің ауыр қара жұмысын бір өзі атқарған қайран әйел – Аналар – ай!
Сонда да бізді қазақ деп ешкім мойындамады.Ресейдің қол астында болып ең басты , ең маңызды байлығымыз болған салт- дәстүрімізді , әдет – ғұрпымызды , тілімізді, дінімізді жоғалттық.Жетпіс жыл орысша сайрадық.Бұл жылдарда елдің ел болып, ұлттың ұлт болып қалуы үшін батырларымыз атқа мініп,алаңға шығып, білектің күшімен күрессе,әдебиетте ақын- жазушыларымыз қаламның ұшымен күресе білді.
Бұдан кейінгі жылдарда да Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте де жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне де қолын жеткізді.Бұл күн үшін біз үшін,бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас,асқан бір мейрам да болды,қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды.Бұлт артынан күн шығады деп, қазақ барлық қайғыны ұмытты да,осы күнге шүкірлігін айтты
Иә, бұл күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған,тәуелсіздігімізді алған,тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан,ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін,дербес те,тәуелсіз ұлтпыз.алда да солай бола береді.Асан қайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған » заманы қазақтың басына енді туды.Ол – Тәуелсіздік.Біз армандарды ақиқатқа аиналдырдық.Ол арман – Мәңгілік ел.Тәулсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.Біз еліміздің жүрегі , тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық.Ендеше , қазақ елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік ел! Көз қарашығымыздай сақтау мәңгі мұратымыз.
«