Егер мен ақын болсам...
Менің ойымша, ақындық қасиет - адам бойына туа бітетін талант. Әрбір адамның қолынан ақын болу келу бермейді, себебі ақын дегеніміз - суырып салма өнер иесі, яғни белгілі бір тақырыпқа колма-қол өлең шығарушы. Суырыпсалмалық өнердің биік шыңы - айтыс.
Ал мен өз басым ақын болсам, міндетті түрде айтысқа қатысып, бағымды сыyар едім. Ондағы басты мақсатым - жүлделі болу емес, керісінше халықтың көкейінде жүрген мәселелерді қозғап, билік басындағы кісілерді осы жағдайларға ықпал жасап, оң шешім табуға насихаттау.
Ринат Зайытов, Балғанбек Имашев, Айнур Тұрсынбаева т.б. еліміздің атақты айтыскерлері сынды болғым келеді.
Ғабит Мүсірепов
=> халық жазушысы
=> сыншы,әрі драматург,мемлекет және қоғам қайраткері
=> 1902 жылы дүниеге келді
=> Қазақ КСР академигі
=> проза бағытында үлес қосты
=> 1925 жылы Едіге әңгімесін "Еңбекші қазақ " газетінде жариялады.
=>" Қос шалқар","Көк үйдегі көршілер","Үздіксіз сөз"
=> "Ананың арашасы","Ақлима","Ер ана",т.б шығармалары бар
=> 31 желтоқсан 1985 жылы қайтыс болды.