М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
кпрооо
кпрооо
24.09.2022 21:00 •  Қазақ тiлi

-сынып «Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Аспан әлемінің құпиялары
Саяхат және демалыс. Синтаксис
1-нұсқа
Оқумақсаты
5.1.4.1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;
5.2.6.1. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу;
5.3.4.1 Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды. белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу;
5.4.5.5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.
Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз.
Амәтіні
Өткен жұмада Аян деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншар орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезік таққан қос маймыл отыр екен Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. География сабағында мұғалім Африканы мекендейтін хайуанаттар туралы қызықты мәліметтер айтқан болатын. Аян екеуміз соны қасымыздағы балаларға айттық
Әрі қарай жүре берегенімізде сусар мен тасбақаларды көрдік. Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен Бүркіт, сұңқар, бірқазандар да темір тордың ішінен
орын алыпты.
Сөйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайратып қойыпты. Қазақ киелі санаған құстың бұлбұлша сайрағанына қайран қалдым. Иелерінің айтуынша алдағы уақытта піл мен көкқұтан әкелінбекші екен. Міне, біздің қызықты саяхатымыз осылай аяқталды
l-тапсырма
Тұжырым
Хайуанаттар бағындағы тасбақалар біршама үлкен екен Сұңқар мен бірқазандар тордың сыртына жайғасыпты. Екі дос қарапайым қарлығаштың әнші құстарша сайрағанын естіп, таңғалады.
Дұрыс
Бұрыс
2-тапсырма Мәтіндегі екі дос өздерінің танымдық білімдерін қолдана алды ма? Осы жайлы ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
Ә мәтіні
Үркер
Үркер күз басында шығыстан, қыс басында төбеден, көктем басында батыстан көрінеді. Ал жаз басында мүлдем көрінбейді. Қазақтар: "Үркер төмен түспей, жер қызбайды" дейді. Оның орналасу жолының ауылшаруашылығына тікелей қатысы болған.
Шоқжұлдыздардың «Үркер» деп аталуы сол жұлдыздардың аспанда үріккен қойдай
шашырап жатқанын бейнелесе керек

👇
Открыть все ответы
Ответ:
kamilaiks466
kamilaiks466
24.09.2022

Ата-ананың қадірін білмеген -  халық қадірін білмес.

Халқымыздың байырғы ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі ана сүтін ақтау деп аталады. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры. Ал нәресте өмірінің нәрі – Ана сүті.

Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді.

Теңіздей тербелген өмір толқындарынан баласын аман алып қалу үшін барын салады. Сондай зор махаббатпен өсірген өрені қартайған шағында мейірімге бөлер ме екен? Баласының болашағы үшін бар өмірін арнаған ата-анасы қартайып аз ғана көрер жарығы қалғанда оны сүйіспеншілік пен мейірімге бөлей алмаған адамның адамгершілігі бар деп айту қиын. «Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білерсің» деп бабаларымыз жырлағандай «ата-анаға не істесең, алдыңнан сол шығады». Анаңды құрметтемесең, анадан несін туасың? Адамды құрметтемесең, адамнан несін туасың? – деп жырлаған екен халқымыз. Қандай өркениетте болсын, қандай ұлттарда болсын ата-анаға деген құрмет ешқашанда өзінің құндылығын жоғалтқан емес, ата-анаға ең биік орын беріп ерекше бағалайды. Ұл-қызымыз ұлағаттылықты ұстанып, инабаттылыққа ұмтылып, арын кірлетпей, кіршіксіз таза ұстап, ата-ананың алдында адалдығынан ажырамай өмір сүрсе, аналар да жыламас еді, жетімдердің де көзі жәутеңдемес еді.

Перзент – ата-ана еккен ағаштың жайқалған жасыл жапырақтары, әке мен шешенің өз қолдарымен мәпелеп өсірген ағаштың көптен күткен жемісі. Алғашында ата-ана перзент панасы болса, кейін керісінше әр перзент ата-ананың панасы болуы оның пенделік, перзенттік парызы. Қызын қуыршақтай, ұлын құлыншақтай қылып алақанында аялап өсірген жемісінің дәмін тату, бейнетінің зейнетін көру – әр адамның арманы. «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» депті бағзы бабаларымыз. Ата-анасының қадіріне бармаған бала құдды құрт түсіп, шіріген жеміс іспетті. Бала емес, бәле өсіргенін кейіннен түсіну – көңілдің күйікті күйініші, өзекті өртейтін өмірдегі өкініші.


4,6(51 оценок)
Ответ:
tyulegenevapolina
tyulegenevapolina
24.09.2022
Ұстаз - ең аяулы жан. Сенің қамыңды ойлап, сені адам болсын деп үнемі шарқ ұратын жан. Ол - сенің екінші анаң. Менің ұстазым мына өмірдегі ең қымбат жан. Ол бəрімізге қамқор болып, бізге бар білгенін үйретумен келе жатыр. Оның бізге берген білімін ештеңемен өтей алмаймыз. Ұстазым - менің ең қымбатты жандарымның бірі. Ол маған үнемі көмектесіп, қателескен жерімді дұрыстайды. Менің жақсы адам болып қалыптасуыма ұстазымның көмегі зор. Сондықтан да оның орны əрқашан жоғарғы сатыда тұр. Мен өмір бойы ұстазыма қарыздар болып өтемін. Тіпті, оның əр сөзі мен үшін заң.
4,7(92 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ