((витамин на казахском-дәрумен))Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік және амин) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді. Дәрумен немесе витамин - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлы табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы. Бұл жиынды химиялық табиғаты бойынша органикада біріктіріледі, олардың ортақ қасиеті гетеротрофтылармен азық түрінде тұтынатынында. Автотрофты ағзалар да дәруменге мұқтаж болып келеді, дегенмен олар дәруменді синтез жолымен не тікелей қоршаған ортадан алады.
Тағамдар құрамында (немесе қоршаған ортада)дәрумендер саны айтарлықтай көп емес болғандытан, олар микронутриент болып табылады. Дәрумендер қатарына әдетте микроэлементтер мен алмастырылмайтын амин қышқылдары жатқызылмайды.
Дәрумендерді зерттейтін ілім витаминология деп аталады.
Дәрумендердің көбісі коферменттер болып табылады. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.
Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста адәруменозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға дәрумен концентраттарын, сәбіз,балық,майы, тағыда басқа дәрумені мол азық беру керек. Мал азығындағы дәрумен мөлшерін көбейту үшін арнайы дәрумен препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.
Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке . Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл , жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 74 жыл толады . Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін , тарихта мәңгілік қалатын күн . Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын , Отанын қорғаған жауынгер - солдаттар мен офицерлердің айбыны , тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ . Жеңіс күні — абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі . Табандылық пен ерлік , Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді . Бұл күнді тек соғыс майданында ұрысқа қатысқан ардагерлер ғана емес сонымен қатар майданға керекті оқ азық - түлік жеткізуші тыл ардагерлері тойлайды . Бірақ жыл өткен болашақ ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүруіне үлестерін қосып , Отан үшін жас өмірлерін қыршыңнан қиюға дайын болған ардагерлеріміздің қатары сиреп келеді әрине , бұл жайт көңілге қаяу салады . Дегенмен уақыт өз дегенін алары хақ . Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңiстi еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды . Тәуелсіз Қазақстанымыз аспаны әрқашан ашық болсын ! Жұдырықтай жұмылған , білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын !