5 Өлеңде табиғат көріністері қалай суреттеледі? Өз сөзіңмен 1-2 сөйлеммен жауап жаз. Абайдың айрықша жырланғанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қары, боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінде: Желсіз түнде жарық ай Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп. Қалың ағаш жапырағы, Сыбырласып өзді-өзі. Көрінбей жердің топырағы Құлпырған жасыл жер жүзі, - деп, жазғы түнннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір көрініс ретінде көз алдыңа келеді.
Тазалық – денсаулық негізі, Денсаулық – байлық негізі. Мақал
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Яғни өлеңде түнгі уақыттағы өзеннің беті мөлдір болып тұр.Табиғаттын кереметі айтылған