М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
KuroKei6
KuroKei6
03.06.2023 01:18 •  Қазақ тiлi

"Дидактикалық бәйге". Сұрақтарға жылдам жауап бер


Дидактикалық бәйге. Сұрақтарға жылдам жауап бер

👇
Ответ:
VIP161
VIP161
03.06.2023

1.76 жыл

2. Бауыржан Момышұлы,Алия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және т.б

3.1миллионнан аса

4.499 адам

5. Бауыржан, Мәншүк,Алия,Хиуаз,Талғат,Мәлік Ғабдуллин,Сағадат Нұрмағамбетов, Нүркен Әбдіров

6. Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

7. екі рет

8. 1943 жылдың 15 қазаны күні басынан ауыр жарақат алғанына қарамастан, ерліктің үлгісін көрсетіп, пулеметпен жаудың 70-тен аса сарбазының көзін жояды

9.NUR.KZ

ДЕРЕКТЕР МЕН ТІРЛІКТЕР

Кеңес Одағының Батыры атанған қазақстандықтар

15 қараша 2017, 15:54

1941-1945 жылдар аралығында күллі әлемді дүр сілкіндірген ІІ Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы қазақ халқының өмірінде де үлкен таңба қалдырды. Зұлмат жылдарда елді жаудан қорғау үшін Қазақстаннан жалпы есебі 1 миллионнан аса жауынгер аттанған. Алексеенконың «Қазақстандағы демографиялық дағдарыс» кітабында жазылған мәліметке сенсек, соғыс жылдарында Қазақстан 600 мыңнан аса тұрғынынан айырылған. Соғыс кезінде қайтыс болғандар саны 279 мыңнан асады, 43 мыңға жуық сарбаз госпитальдарда жан тапсырса, 271 мыңнан аса адам үйіне қайта оралмай, із-түзсіз жоғалғандар санатына енген.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 499 қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағын алған. Оның ішіндегі 99-ы – этникалық қазақтар. Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д. Луганский бар. Қазақ қыздарының ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры атағын алған. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Ал ұшқыш Хиуаз Доспановаға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді.

Әлия Молдағұлова, Кеңес Одағының батыры

Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген. Қазақтың мерген қызы. Ұлы Отан соғысы кезінде 54-ші атқыштар дивизиясының атқыштар құрамында ерлік көрсеткен. 1935 жылы Әлия әскери-транспорттық академияға оқуға түседі. 1944 жылдың қаңтарында құрамында Молдағұлова бар 54-ші атқыштар дивизиясы Насва станциясындағы теміржолға шығады. Ворошиловскийдің естелігі бойынша, сол шайқаста жау кеңес әскерилерін тоқтаусыз оқпен күтіп алған. Сол шайқаста Әлия Молдағұлова үш рет жау оғына тойтарыс берген. Аталған шайқаста фашистер кеңес әскерінің алдыңғы шебін атып тастайды. Сол сәтте басылып, бас көтере алмай қалған батальонды жауғы қарсы Әлия бастап шықты. Ол: «Бауырлар, Алға» деп айғайлап, жаудан беті қайтып қалған майдандастарын алға жетелеген.

10.1941 жылдың 26 маусымында Смоленск маңындағы Боровское аэродромынан 42-ші алыстан бомбалаушы әуе дивизиясының 207-ші полкінің алғашқы күнгі қиян-кескі ұрыстан аман қалған ұшақтарының бөрі қайтадан аспанға көтеріледі. Бұл ұшудың барысында Минскіден батысқа қарай 40 шақырым жердегі Радошковичи поселкесінің аймағында немістің танк колоннасын аяусыз бомбалау жүктеледі. Көктегі гүріл мен жердегі дүрілден құлақ тұнған шақта екі топқа бөлінген ұшақтарды капитан Александр Спридонович Маслов пен Николай Францевич Гастелло командир болған экипаждары бастады. Жаудың танк колонналарына шүйілген ұшақтар тобының алдыңғы қатарында Масловтың экипажы бар еді. Жерде қоңыздай жорғалаған құрыш сауытты танкілерге олар ойдағыдай ойран салып қайта бергенде жау жақтан атылған оқ алдыңғы екі экипажды да отқа орады. Штурвалына зақым келді ме, немесе басқадай бір себеп болды ма — Гастеллоның ұшағы әлдеқайда алысқа құлаған. Әйтеуір бір өлім барын тез ұққан Масловтың экипажы ұшақты тура танкілердің колоннасына бұрған. Ішінде атқыш Бақтыораз бар экипаж түгелдей опат болса да, бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген ерлік жасаған еді.

11.Днепр үшін болған шайқаста 18 жастағы Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас "Кеңес Одағының батыры" атанды.

12.шамамен 200

13. 2001

4,7(76 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
AgataKlemen03
AgataKlemen03
03.06.2023
Я так думала Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей Бірінші байлық – денсаулық Екінші байлық – ақ жаулық Үшінші байлық – он саулық - демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни "Ауруын жасырған өледі” (Ә.Науаий) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет. Ең алдымен сәбилердің дұрыс жетіп қалыптасуына қарсы дисплазия деген аурулар бар. Ол аурумен сәби күресе алмайды, ал онымен күресетін ата-анасы. Бұл ауру дәрігерлердің айтуынша, әсіресе соңғы кездері балалар арасында кеңірек тарап бара жатқан дисплазия ауруының пайда болуына бірнеше себептер негіз. Олардың біріншісін экологиялық жағдайлармен байланыстырсақ, екінші себебі ағзадағы йод темір, сондай-ақ кальцийдің тапшылығына тікелей қатысты. Мұның ақыры мүгедектікке әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан баланың сауығып кетуіне де өзіміз жәрдемші болуымыз керек. Ауруға қарсы сылап-уқалау сәбидің екі аяғын тізесінен кісен секілді темірмен керіп қою керек. Ал енді еліміздегі экономикалық жағдайдың өзгеріп нарықтық қатынастардың дамуы, қоғамның әлеуметтік тұрғыда жіктеле бастауы ол мүмкіншіліктердің бірдей болмауы және осы теңсіздіктің балалардың тұлға болып қалыптасуына да өз ықпалын тигізетіні анық. Ал бұл кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп соғады. Есірткі құмарлық жасарып келеді. Бұл – дабыл соғарлық жағдай. Бүгін Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балаларда да есірткіні тұтынатын жағдайларда болады. Мамандардың айтуынша есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған. Есірткі құмарлықтың үдеп бара жатқаны қылмыстық ахуалдың күрт нашарлауына тікелей әсер ететіні анық
4,4(35 оценок)
Ответ:
mulanmango
mulanmango
03.06.2023

ответ: Мен Алматы қаласында тұрамын. Бұл менің сүйікті қалам. Мен осы өлкеде туып өстім. Осы қаламда көптеген достарым бар. Алматы қаласының ескерткіштері де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың біріне жатады. Ескерткіш жанында көптеген үлкен шаралар өткізіліп тұрады. Мереке күндері адамдар көптеп жиналады. Сонымен бірге қаламызда саябақтар көп. Балалар саябақта велосипедтер мен скейтбордтар теуіп ойнайды. Біздің қаланың көшелері кең,үлкен. Үлкен көшелерде субұрқақтар орналасқан. Қаламыздың әдемі болуы үшін көп ағаштар, гүлдер отырғызылған.

Объяснение: Сәттілік

4,7(69 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ