Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Тайқазан — Түркістандағы қасиетті қазан. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда(хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті асыл металдың(мырыш, латын, қола, қорғасын, мыс, күміс, темір) қо йылған. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр, биіктігі – 1,60 метр, диаметрі- 2,42 метр.Тұғырының биіктігі - 0,54 метр, диаметрі – 0,607м.
Бұл бір ұзақ ертегі. Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Қысқаша айтатын болсақ, ертеде жылан патша болады, ол біраз жылдардан соң өз тамағының ерекше болғанын қалап, маса мен шіркейді өзіне шақырады. Оларға дүниеге ең тәтті қан кімдікі екенін біліп келуді тапсырады. Ең тәтті қанды анықтаған маса жылан хабарлауға асығып ұшып келе жатқанда қарлығаш жолығады. Масаны мақтап кімнің қаны тәтті екен, бізбен де бөліссеңші,- дейді, мақтағанға масаттанған маса, ең тәтті қан адам қаны екенің айтады. Қарлығаш оған сондай қанның дәмін татқан, тіліңді көрсетші,- дейді. Сол кезде масаның тілін жұлып алады. Маса жыланның алдын келіп ештеңе айта алмай, ызыңдайды, сонда қарлығаш, ең тәтті топырақ,- деп тұр дейді жыланға. Бірақ, маса еңіреп жылап, қарлығаштан болғанын көрсетеді. Жылан бар бәле сенен болған екен ,- деп тұр ұмтылғанда қарлығаш ұшып кетеді, ал құйрығы жыланда қалады. Содан бері қарлығаштың құйрығы айыр екен.
Объяснение:
блондинку 2000 700 долларов