Отбасы - шағын мемлекет.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!
1. Ер — елінде, гүл — жерінде.
Өз елінде көртышқан да батыр.
Өз елінің иті де қадірлі.
Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.
Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.
Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.
Жат жердің қаршығасынан, Өз еліңнің қарғасы артық.
Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.
1. Қылыштың міндеті - кесу,
Қолдың міндеті - шешу.
2. Итпен ит ырылдасса - тамағының тоқтығы,
Жігітпен жігіт қырындасса - ынтымағының жоқтығы.
3. Ел боламын десең достас,
Қор болам десең қастас.
4. Ер татулығы - ел татулығы.
5. Қас боп жүріп, дос болғанға мақтан.
Дос боп жүріп, қас болғаннан