М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
bayawb65
bayawb65
11.04.2022 03:33 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтінді оқу.(прочитайте текст устно)

«Қазақ солдаты» романы майдан шындығы туралы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және жазушы Ғабит Мүсіреповтіңтұңғыш романы. Шығарма қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. Сонымен қатар романда тұңғыш рет әр түрлі ұлттағы Халықтардың бауырмалдық достығын көрсетілді. Жауынгерлердің өшпес ерлігі, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі сипатталды. Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді. Соғыс кезіндегі жауынгерлердің өмір шындығы ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді.
Кейіпкерлер:

Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол - Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев. Ол 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.

Шеген – дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.

Бораш - өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.

2-тапсырма.

Сұраққа жауап жаз(письменно ответь на вопросы)

1.Қайрош кім? Ол қандай адам?

2.Шеген кім? Ол қандай адам?

3.Бораш кім? Ол қандай адам?

4.Қайрош қай жылы соғысқа қатысты?

👇
Ответ:
Maximka200117
Maximka200117
11.04.2022

1)қойрош романның басты киіпкері.Ол еліне адал адам.

2)шеген қойроштың алғаш қалаға келгендегі досы.Ол досқа адал.

3)бораш өнерге жақын адам.ол жақсы адам

4)қайрош 1941-1945жылы бастан аяқ соғысқа қатысқан.

Объяснение:

Ұнаса жазып ал

4,5(98 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
tihon123123
tihon123123
11.04.2022

Сәлем беру. "Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаз дауысты Қазыбек би сәлем бере барыпты". Алыс жолдан келген жолаушы, немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына, немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру, қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Кейде "алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді" дегендей жөн білетін үлкендердің өзі барып сәлемдесетін де жол бар. Егер сәлем ер адамға қатысты болса "сәлем берді" деп айтылады. Сәлемнің басқа түрі де бар. Мысалы, сыйлы ата, ене, қайынағаларына кездескенде, көргенде келіні оларға иіліп сәлем қылады. Үлкен кісілерден табақ қайтқанда да келін сәлем ету керек. Ондайда біреу "келіндеріңіз сәлем істеп жатыр" деп хабарлайды. Үлкендер оған риза болып, батасын береді. Келіннің сәлем етуі әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады. Сәлем әйел адамға қатысты болса оны "сәлем етті" дейді. Сәлем қылудың тағы бір өзгеше түрі де бар. Егер бір адамның мойны құяң болып, басын бұра алмай қалса, онда ол кербез адамның сыртынан сәлем қылуы керек. Халық ұғымы бойынша құяң сонда жазылып кетеді деген сенім болған. Мұндай сәлем қылудың аяғы көңілді күлкіге жалғасып жатады.[1]

4,4(31 оценок)
Ответ:
natalie1m222
natalie1m222
11.04.2022

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында дүниеге келді. Боксшы, еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Қазақстан Республикасының чемпионы, 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері. М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін, ҚҚазақ спорт және туризм академиясын бітірген. Бокспен 10 жасынан айналысқан. Жаттықтырушысы - Н.Ақүрпеков. 1998 жылы жастар арасында Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алған. 2004 жылы Грекияда өткен Олимпиада ойындарында ширек финалда Олимпиалық ойындардың екі дүркін чемпионы ресейлік Олег Саитовтан үстем шыққан Бақтияр Артаев финалда Кубаның екі дүркін әлем чемпионы Лоренцо Арагонды жеңіп, алтыннан алқа таққан. 2005 жылы Қытайда өткен ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері, 2006 жылы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған.

4,4(39 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ