Дайте
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
Менің ойымша қазіргі балалардың көбісі еңбек етіп жатыр . Ол еңбек дегеніміз жалақысы бар деген сөз емес. Мысалы балалар үйіндеде еңбек етеді. Анасына , әкесіне үй шаруасына көмектеседі.
Менің ойымша ол өте дұрыс. Себебі әр істе ата-анаңа қолғабыс болу керек .
Ал шынында ол еңбектің жаман түрі бар ма ?!
Менің жауабым : Ия , ондай еңбек болады .
Ол қандай болады деп сұрауыңыз мүмкін . Ол істеген еңбегіне міндетсіну. Мысалы мен сіздерге анау жұмыспен көмектескен едім , ееді сіз маған сол үшін ақша төлеңіз деген сияқты . Ол ең жаман еңбек. Себебі жасаған ісіңе міндеттенуге болмайды .
Шынайы оқиғаны айта кетейін .
Мен досым бір күні әкесіне даланың жұмыстарымен көмектесті . Есесіне ақша сұрады . Ал бұл өте жаман еңбек
Қазақ қоғамындағі ең жоғарғы билік өкілі президент болып саналады.