Жиһанкез тау мен тасты , даланы аралады. Ол көптеген шаһарларда болды. Сонымен бір күні жолы түсіп, Қазақстанға, атап айтқанда Жетісу өңіріне ат басын тірепті. Халық арасында «Жер жәннаты Жетісу» аталып кеткен бұл өңір жиһанкезге бұрын соңды болмаған әсер қалдырыпты. Шынымен де, қаншама ақын жазушылардың туындыларына арқау болған бұл өлкенің табиғатының әсемдігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес - асқар таулар, таудан сылlырап аққан су, айнала жасыл желек, таза ауа... Осының бәріне қызыққан жиһанкез Жетісу өңірінде тұрақтауға шешім қабылдаған екен.
«…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.