М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
EkaterinaVNTOGLIATTI
EkaterinaVNTOGLIATTI
11.02.2020 10:33 •  Қазақ тiлi

Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Қазақ халқы ержүрек, намысты қолдан бермейтін халық. Қиын заманда елін, жерін, туғанын жаудан қорғаған ардақты батырларымыз аз емес. Олардың бірі, «Шығыстың қос шынары» деп атанып кеткен Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы аса құрметтейміз.

Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып, 1935 жылдан бастап балалар үйінде тәрбиеленген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942 жылы) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап снайпер болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысы Бөкей Ордасы ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді. 1942 жылы ол өз еркімен Қызыл әскер қатарына алынып атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған ұрыста Мәншүк демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Отан үшін отқа түскен қазақ халқының батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова қысқа ғұмырларында Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпайды.

1. Мәтінге қандай тақырып сәйкес келеді?

Г) жомарттық

Ә) достық, татулық

В) ерлік, батырлық

А) өнерпаздық

Б) адалдық, мейірімділік

👇
Ответ:
danchik1106
danchik1106
11.02.2020

наверно А) но это не правильный ответ наверно

4,8(7 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
jejixex8
jejixex8
11.02.2020

Ұйықтар алдында бөлмеме келген балам:

- Әке, мына жазған шығармамды оқып, қате жері болса дұрыстап беріңізші-деп қолыма бір дәптерді ұстатты. Онда бұлай жызылыпты:

Апай бүгін бізге "Мен өскенде кім боламын?"-деген тақырыпта шағын шығарма жазып келуімізді тапсырды. Мен мектептен шығып үйге келгенше не жазу керектігімді ойланып келдім.

- Мен өскенде кім боламын? - қандай қызық сұрақ еді, маған салса бір емес, бірнеше мамандықтың иесі болғым келеді. Дәрігер болғым келеді, әсіресе кардиолог. Себебі әжемнің жүрегі ауыратындықтан үнемі кардиолог дәрігер туралы үйде, дастархан басында жиі айтылады. Шіркін кардиолог болсам ғой әжемнен ақша алмай-ақ емдеп жазар едім. Сонда әжем алатын азғантай зейнетақысы өзінде қалар еді. Ал әкемнің жағдайын ойласам, бастық болғым келеді. Өйткені, әкем жұмыс басты, соның өзінде демалыс немесе мереке күндері бастығының бұйыруымен жұмыстан тыс қимылдарға тартылады. Содан бізді ойнатып шығуға уақыты болмай қалады. Егер бастық болсам, әкемді жұмсағыш бастықтың өзін жұмсар едім. Ал анамды ойласам дүкендегі сатушы болғым келеді. Оның себебі, анам демалыс күндері қала сыртындағы базарға азық-түлік, көкөніссатып алуға кетеді. Содан шаршап келіп, үй жұмысына кіріседі, бізбен бірге ойнауға мүлде зауқы болмайды. Біз одан:

- Ана, бұл заттар үй қасындағы дүкендерде де бар емес пе, несіне ұзаққа барып, қап арқалап босқа шаршап жүрсіз-дейтінбіз. Маңдайы тершіп, екі иығынан дем алып отырған анам бізді бауырына басып, жүзі күлімсіреп:

- Ол жақта арзан, бұл жерде қымбат. Ақшаны үнемдеп жұмсау да, жұмыс істеп ақша табудан кем емес -дейтін.

Үйге келген соң да ойландым. Шіркін бір адам үш түрлі мамандық иесі болуға мүмкіндік болар ма екен ? Болса, мен осы үш түрлі жұмыстың бәрінде істер едім.

Баламның жазған шығармасы осы, оқып шықтым. Қасымда не дер екен деп, демін ішіне тартып, тұрған баламды бауырыма басып, маңдайынан иіскеп, ризашылық білдірдім де:

- Балам шығармаң жақсы екен. Маған өте ұнады. Бірақ, менің ойымша бала өскенде ең алдымен Қазақ болуы керек. Содан соң жаны қалаған бір немесе бірнеше кәсіпті игерсе нұр үстіне нұр болары хақ -дедім.

- Сонда қалай - деді балам, маған қарап. Қазақ болып туылған бала қазақ болып өседі ғой онсызда-деді сұраулы жүзбен.

- Жоқ дедім мен, қазақ отбасында туылғанның, қазақша ат пен затқа ие болып жүргеннің бәрі бірдей қазақ болып ержетпейді. Қазақ болып өспеген соң, халқына тиер қайыры да болмайды. Себебі, қазақ болу дегеніміз - түр мен пішіннің ұқсастығы емес, тіл мен ділдің, дін мен мәдениеттің, ойлау мен істің, арман мен мүденің, тұрмыс пен танымның тұтастықта болу дегендік . Мен осыны айттым да, соңғы кезде жазған "Ұлт моласы"-деген өлеңімді оқып бердім.

4,5(77 оценок)
Ответ:
Уақыт – біздің өміріміз. Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ. Уақытты босқа өткізу – мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу.
Уақыт – менің өмірім. Мен уақыттан, ол менен ажырай алмаймыз. Ширек ғасырға жетпейтін жиырма жылдық өмірімді уақыт таразысына салып қарасам, ол мені біраз есейтіпті. Бір түйгенім: уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді екен. Сыйлаған қуанышы мен қайғысының төрелігін өзі беріп, емін де өзі жасайды. Біздің қолымыздан бәрі келеді. Біз біраз нәрсені жасап өзгерте аламыз. Тек уақытты емес. Біз уақытқа ешқашан әсер ете алмаймыз.
4,7(70 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ