Объяснение:
Бірінші) Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Екінші) Экспо халықаралық мамандандырылған көрмесі- ірі халықаралық көрме, онда жаңашыл ғылыми-тезникалық жетістіктер, даму перспективалары, сонымен қатар бүкіл әлем елдерінің тарихы дәстүрлері мен мәдениеті көрсетіледі
1851 жылғы көрмені өнеркәсіптік революция тарихында маңызды негізі кезеңі деп атаған жөн. Британдық қолөнершілер одағына тиесілі мұндай көрмелерді өткізу идеясы жалғасын тапты, сондықтан олар тұрақты түрде өте бастады, жылдан жылға күшейіп, анағұрлым орасан, ауқымды бола түсті.
Жылы жаққа ұшатын құстар
Жылы жаққа ұшатын құстарды "жыл құстары" деп атайды. Наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Енді солардың ішінде кейбіреулеріне тоқтала кетейік:
Аққу - жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді.
Сүңгуір үйрек – жыл құсы. Ұяларын тайыз суға, бөген не көл жағалауларына салады. Сәуір – мамыр айларында 5 – 14 жұмыртқа салып, оларды мекиені 4 аптадай басады. Балапаны 1,5 – 2 айда қанаттанып, өздігінен ұша алады. Сүңгуір үйрек су өсімдіктері және омыртқасыздармен қоректенеді.
Шағалалар да жыл құстары.Олар жақсы ұшып, жүзеді, бірақ суға сүңги алмайды. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа, аяқ саусақтарының арасы жарғақты. Шоғыр құрып тіршілік ететін түрлері де бар. Ұясын жерге, шың басына, судағы жартасқа шөптен жасайды. Ірі жәндіктермен, моллюскалармен, тышқан тәрізді кемірушілермен, балықтармен қоректенеді.