Қыз өссе, елдің көркі.Бұл сөз өте кереме.Қараңызшы,"қыз" деген үш әріптен құралған сөз әлемнің барлық әдемілігі мен жайлылығын,табиғаты мен әсемділігін жиып тұр.Ана да қасиетті адам ана да қыз боп туылған,әже де қайырымды жан,ол да қыз боп өмірге келген.Әлемде қыздар көп не себепті деп ойлайсыз?Менің ойымша қыздардың көп болғаны жақсы,қыз баласы биязылығымен,инабаттылығымен,қылықтығымен өзіне баурап алатын әсем де аяулы жан.Біздің әпкеміз,сіңіліміз,анамыз,әжеміз де ардақты да аяулы жан.Қыз дегеніміз гүл ғой. Гүлді аялап ұстамасақ, солып қалады. Сол секілді қызды да аялап сыйламасақ,гүл секілді солып көңілі түседі. Сол үшін "Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі" деген мақал қалыптасқан.
Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.