М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
StrongA11
StrongA11
08.03.2021 22:45 •  Қазақ тiлi

Ұстаздарға мың алғыс эссе​

👇
Ответ:
kostyafadeev9
kostyafadeev9
08.03.2021

Diekgnisoxkejdp7fuehfopowkfzh2ikfjc

Объяснение:

4,7(66 оценок)
Ответ:

ответ:Ұстаз – бұл жаны жұмсақ, әлем ақылшысы. Мен үшін ұстаз – ең ардақты жан. Ұстаздардың басқалардан ерекшелігі – біздің ата-анамыздың 4- болса, ұстаздарымыздың балалары – бүкіл әлем. Себебі әлемдегі барлық жан ұстаздан тәлім-тәрбие алып шыққан. Бар әлемнің кемінде 2 анасы бар. Бірі – өз анасы, екіншісі – білімге, өнерге, өмірге бейімдеген ардақты ұстазы. Менің де 2 анам бар. Бірі – өз анам, ал екіншісі – алғашқы ұстазым Баршагүл апай. Баршагүл апай – маған алғаш әліпбиді үйреткен асыл жан. Және де Баршагүл апай маған санауды үйретіп, мейірімді, қамқор болуға тәрбиеледі. Сайыстарда белсенді болып, бірақ, қарсыласыңа қатты болмау керек екенін ұғындырып жүретін. «Өзіңнен кішілерге қамқор болып, үлкендерге құрмет көрсету керек» дейтін апайым. Қатеміз болса кешірген апайым кішкене қателессем, қатемнің дұрыс еместігін түсіндіреді. Мен қателескенде өзім қатемнің дұрыс еместігін білуге, қайсысы дұрыс қайсысы дұрыс еместігін өзіміз ойлануға мүмкіндік береді. Баршагүл апай бізді сабақтан тыс іс-шаралаларға қатысуға бейімдеп өсірді. Мен сол апайымның осы ерекшелігінің арқасында көптеген сайыстарға қатысып, түрлі үйірмелерге барып жүрмін. Бәріне үлгеріп, сонымен қатар үздік болуыма Баршагүл апай себепші. Мен түрлі сайыстарға қатыстым. Оның ішінде жеңгенім де, жеңілгенім де жағдай болды. Осындай жағдайда кейде қамыққан кездерім де аз болмады. Бала болғандықтан көңіліме алатынмын. Бірақ, Баршагүл апай қамыққанымда демеу болып жүретін. Мені төзімділікке үйретіп, «өмірің алда! Әлі талай жеңістерге жетесің!» деп қолдап отыратын. Осы кезде қай жерден қателескенімді бақылап, келесі жолы осы қатені қайталамауға үйрететін. Мені еріншек болмай, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін. «Жеңістің бәрі еңбекпен келеді» дейтін апайым. Апайым мені осылай тәрбиелемегенде саналы адам болмас едім. Сол үшін сізге мың алғыс!

Ұстазыма мың алғыс!

Алғыстарым көп менің,

Үйреткені даналық,

Бар ұстазға тілеймін бақыт, табыс, амандық!

Объяснение:

4,4(62 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nikysha04
nikysha04
08.03.2021

Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.

Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.

Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.

4,7(64 оценок)
Ответ:
ririf
ririf
08.03.2021

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді бүгінгі «Жібек жолын қайта жаңғырту» жобасы аясында салынған айналма көпірдің ашылуымен құттықтаймыз!

Бұл көпір – шаһарымыздың қоғамдық мәселелерін шешуде үлкен міндетке ие құрылыс.

Қаламыздағы жол-көлік кептелісі мәселесін шешуде ролі үлкен.

Көпір жаяу жүргіншілерге де қызмет көрсетеді.

Көпір үстінен жаяу жүргіншілер кентімізді толық тамашалап, әдемі суретке де түсе алады.

Қала тұрғындарының игіліктері үшін жасалған жұмыстар – бізге әрдайым абыройлы міндет!

Құрметпен: қалалық құрылыс-сәулет басқармасы атынан: Серікұлы Нұрлан.

Объяснение:

4,6(87 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ