сүйінбай аронұлы-ақын,айтыс өнерінің шебері.ол алматы облысы,жамбыл ауданы,қарақыстақ ауылында дүниеге келген.
менің пірім-сүйінбай,
сөз сөйлемен сиынбай! -деп жамбыл оны өзіне ұстаз тұтқан.сүйінбай ақын ешкімнен тайсалмай шындықты тіке айтқан шыққан тегі ұлы жүз шапырашты тайпасының ішіндегі екей руы. шежіре дерегі бойынша арғы атасы күсеп дәулескер қобызшы болған. күсептен арон, одан сүйінбай туған. сүйінбайдан туған малыбай, бағыжан, жетібай есімді ң ұрпағы өсіп өнген..сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының ежелден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі. әсіресе, ел ішінің сөз өнерін әспеттеген ұлы дәстүріне жастайынан ерте ұштап, төңірегіне ерте танылады.бұл өлеңдері, ол бір жағынан елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып отырса, екінші жағынан айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді қарымын танытады.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ,бесік т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.