М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alyakozlova22
alyakozlova22
18.05.2023 12:31 •  Қазақ тiлi

Тапсырма 1. Мәтінді оқып, оның қандай стильде жазылғанын анықтаңыз және ерекше сөз

қолданыстарынан мысалдар келтіріңіз.

[10]

Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті өршітетін қоғамдық індеттердің

бұғауынан құрық үзіп, құтыла алмай отыр, бірақ көңілге үміт ұялатар мүмкіндіктер де жоқ

емес. ХІХ–ХХ ғасырларда а ғылым мен техникалық прогресте бұрын-соңды

болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді. Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы

құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы

Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған

а ғаламды танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге түйіп,

көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне

көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі, ал

адамның Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып, құл екенін сезінуі дегенге саяды.

Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б. ғылым

салалары уақыт озған сайын а ң игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда.

Осыған қарап ғылым мен технология а ң игілігі үшін екендігін пайымдаймыз.

Бұдан үрейленудің де жөні жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен немесе ғылымбіліммен қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер надандықта, санасыздықта

және жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта.

Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып, тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі

оңды нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ

білімсіздіктің, жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет.

Мәтін не туралы?

Мәтін қандай стильде

жазылған?

Оған дәлел ретінде сөз

қолданыстарынан

мысалдар келтіріңіз.

2. Мәтіннің негізгі ойына қатысты және негізгі, қосымша ақпараттарға байланысты 1

сұрақтан құрастырыңыз.

Жалпы негізгі ойына

қатысты 1 сұрақ

Негізгі ақпаратқа

қатысты 1 сұрақ

Қосымша ақпаратқа

қатысты 1 сұр
ответ айтындаршы
Тжб ертең болат ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Anonim30001
Anonim30001
18.05.2023

Абылай ханның сыртқы саясаты.

Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен…, ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Россиядан өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Россия да, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартты.

Россияның өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетіннің түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге биліг танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті Петронпавлда да ант беруден бас тартты. Ол 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді.

Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара– ура жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдырдағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды. Дегенме де, ол тарих көшінөзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш – қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркестанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленді.

Объяснение:

4,7(66 оценок)
Ответ:
Nzzjsjs
Nzzjsjs
18.05.2023

менің мұражайдан алған əсерімді өте керемет. Себебі ол жерде біздің бұрын ата бабаларымыздың, аспаптары, киімдері тб заттарын танып білдім. Жəне бұрынғы заманның қалай малшаруашылығын, егіншілік пен немен жəне қандай заттарды қолданып айналысқандарын білдім. Тағыда айта кетсем, бұрынғы əжелеріміздің шаштарында əшекейлер, сырға, шашбау, сақина т.б заттарды көріп біліп таныдым. Бұрынғы заманның адамдары қалай тасқа өрнек, жазба жазған құралдарын көрдім. Мен мұражайға барып көр нəрселер біліп қайттым.

4,8(100 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ