М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ksarbinaz
ksarbinaz
20.02.2022 09:46 •  Қазақ тiлi

"Менің өлкем" тақырыбы бойынша эссе
жаз.
Талаптар:
1. Мәтін көлемі 60-70 сөз;
2. Мәтін құрылымын сақтау
3. Орфографиялық нормаға сай жазу


Менің өлкем тақырыбы бойынша эссе жаз. Талаптар: 1. Мәтін көлемі 60-70 сөз; 2. Мәтін құрылымын сақ

👇
Ответ:
ghhhhd
ghhhhd
20.02.2022

менің өлкем

менің өлкем- əлемдегі жеті кереметтей десем қателеспеспін сірə. Əркімге өз Отаны, тұрар жері ыстық қой.Содан болар, əйтеуір, бір жерге барсам болды, өз елімнің, туған үйімнің иісін сағынам да тұрам. Жыраққа кетсем, біреу денемді кескілеп тастағандай немесе бір бөлігім жетпегендей күй кешем. Өзім үйім- өлең төсегім демей ме? атам қазақ.Осы сөздің астарын енді ғана түсіне бастағандаймын.мейлі жазық дала болсын, мейлі Сахарадай құм болсын, мейлі Беллорусияның батпақты ормандары болсын, бəрібір де, менің өлкем- менің өмірім, тарихым болып қала береді

4,6(8 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
влад2306
влад2306
20.02.2022

тип-қандай да бір заттың белгілі бір қасиеттерді иеленген пішіні;

объектінің нақты жиыны, сипаттамасы;

программалау тілдерінде — мөндер жөне оларға қолданылатын амалдар жиыны;

жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. әдебиеттің тегі мен түрі). ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (м.бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. кез келген жанрдың тарихи жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры ң ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.

4,7(52 оценок)
Ответ:
01lina10
01lina10
20.02.2022

Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?

Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.

Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті  көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.

4,8(91 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ