Ақын Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазылған көрнекті поэмасының бірі – «Құлагер» қазақ халқының әйгілі өнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің өміріне арнады. Ақан сері – XIX ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері. Ол дарынды композитор, ақын, әнші. Өзі өмір сүрген заманның әрқилы мәселелерін айқын өнер тілімен көрсете білген оның әдеби, музыкалық, әншілік еңбектері жайлы көптеген ғылыми-зерттеулер бар. Сол еңбектердің бәрінде де Ақан серінің асқан өнерпаздығы, халықтың рухани азығы болған тамаша поэтикалық, музыкалық шығармалар бергені айрықша атап көрсетіледі. Поэмадағы әр көрініс, әр оқиға өз орнында, ақынның құдіретті шеберлігімен олардың бәрі табиғи бірігіп, үлкен бір жарқыраған тұтас мүсінге айналып кеткен. Бұл поэманың сюжетін, композициясын құрудағы ақынның үлкен ұсталығын байқатса керек. Ақын бас кейіпкер өмірін бейнелегенде поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз. Ол, ең алдымен, оқушы қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме берген. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды. Ақан мен Батыраш айқасының нәтижесі поэманың соңында аян болады. Зұлым Батыраш өзінің жендетін жұмсап, бәйгеден озып келе жатқан Ақанның Құлагерін қанға бояп өлтіреді де, өз дегеніне жетеді. Ақанның жанын жаралап, өшпес қайғы-қасіретке көміп тастайды. Ежелден келе жатқан зұлымдықтың бұқпантайлап істейтін қанды әрекеті осылай болатын-ды. Ақан да сол жауыздықтың қанды шеңгеліне іліне барады. Өзінің жар астынан бұғып тұрып істеген қастандығын мойындамай жалтарған, көлгірсіген, оның үстіне ат бәйгесін алмақ болып тырысқан Батырашқа сол жердегі халық дүрсе қоя беріп, қарсы шығады. Поэманың тіл байлығы төтенше. Өзге поэмаларындағыдай, мұнда да ақын еркін төгілген, образды бейнеге бай құнарлы тілімен оқушыны бірден баурап алып, бастан-аяқ ғажайып эстетикалық ләззатқа бөлеп тастайды. Мұндағы ұмытылмас сұлу картиналар, айқын әдемі образдар, шындықтан туған романтикалық леп, бұлақша сылдырлаған нәзік лирикалық сезім, серпінді, кең, эпикалық құлаш, балы сорғалаған құнарлы бай тіл, ұйқасы сыңғырлаған кәдімгі он бір буынды қара өлеңнің мінсіз-мүлтіксіз үлгілері «Құлагер» поэмасын шын мағынасында поэзияның «сұлу сарайы», Жансүгіров шығармашылығының биік шыңы екеніне толық дәлел бола алады.
Қазақ халқы әнші ақындар шоғырының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Жасынан ән–жырға үйір ол қолына домбыра алып ән салады, өлең шығарады. Жігіттік, сал, серілік жолға бейімделеді. Әдемі киініп, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстайды. Қасына өнерлі жігіттерді жинап, ел аралайды, сауық–сайран құрады. Қалың елді ғажайып әнімен баурайды. Бір уақ сейіл–серуенге шығып, саятшылық құрады. Осындай өзгеше өміріне, өнеріне риза болған халық «сері» атандырады. Ақан сияқты көп қырлы өнері бар адам дүние–байлыққа қызықпаған, оны мақсат та етпеген. Оның есесіне Құлагердей ат, Қараторғай мен Базар ала сияқты қыран құс пен тзы ұстаған. Ақан сал–серіліктің салтанатын аңшылық–саятшылық, құсбегілік мергеншілікпен ұштастырып, бір уақыт осыларды қызықтаған. Құс салып, ит жүгіртіп көңілін көтеріп, жанын жадыратқан. Сондықтан бір қатар туындылары осы тақырыпқа арналған. Солардың ішінде қалың елге кең тарағаны «Құлагер» ән өлеңі. Бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлгер 1876 жылы Сағынайдың асынд қастандықпен өлтірілгені белгілі. Бәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қосылады. Осынша аттың алдына қара үзіп келе жатқан қанатты жүйрік Құлагерді Ақмолның алпуыты Жүсіптің жандайшаптары қастандық жасап, айбалтамен басынан ұрып өлтіреді. Осы бір қарабет–қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Өйткені ер қанатына айналған атқа халық ерекше мән берген. Сондықтан бұл өлең ақынның ауыр жан күйзелісі, терең тебіренісінен туған. Өлеңде озбырлықтан зәбір көрген ақынның көкірегін кернеген қайғы–мұңы бар. Сондай–ақ ақынның көңіл–күйіндегі сан түрлі психологиялық өзгерістер де айқын байқалып отырады. Құлагерді қарап тұрған Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін байқап мазасыздана бастайды. Бір жамандықты сезгендей болады. Жел соқса қамыс басы майда деймін, Атыңды, ат айдаушы қайда деймін. Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды, Жығылмаса Құлагер қайда деймін?! Деген жолдарда бір үміт, бір күдік тай–таласқа түскендей болады. Ақан сері Құлагердің өлгенін естігенде есі ауысқандай басқа күйге түседі. Оның ой –сезімін бір сәт шарасыздық билегендей болады.
Объяснение:
:)
Қорқыт ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт сөзін "Хорқұт" сөзінен шыққан. "Хор" деген көне түркі тіліндегі "Өр" деген сөз, "Һор" деп те айтылған. Ал, "құт", ол кәдімгі "құт", "береке", "игілік" деген сөз. Демек Қорқұт сөзі "жоғарыдан келген құт" деген мағынада. Бірақ қазақ тілінде ол Қорқыт болып, кейін
осы атаудан талай аңыз-ертегілер туған.[1]
Қорқыт ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі ‘’Қорқыт ата кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. “ Қорқыт Ата кітабы” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған. Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этникалық атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қазіргі Қорқыт ата). “Қорқыт Ата кітабы’’ Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықар. деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедия жинағы жарыққа шықты (1999).