Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық.
Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Алдағы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына дейін ұзарту көзделген. Осы шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болды. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылады. Осы жұмыстардың барлығы 2011 жылғы Азия ойындарының қарсаңында аяқталмақ
Себебі ата әжесі болғандықтан немересін
иіскеп құшағына қысып сағыныштарын
басқысы келеді. Ол кісілер де қаладан
алыс ауылда тұрған соң өзінің жан
баласының келгенін қатты күтеді.
Бірақ...осылайша тез кетіп қалады
деген ойда болмаған.Қартайған соң
қарттық шағын отбасының қуанышымен
бақытымен өткізгісі келгені...Қолда бардың
қадірін білу керекпіз.
Ата анамызды қартайған шағында жалғыз
қалдырып кетпей керісінше аздаған
өмірлері қалғанда сол шақтарды тек күлкі
қуанышпен өткізсе ол кісілер үшін олардан
асқан бақыт жоқ болар еді.