30-шы жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашисттік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды. Оқи отырыңыз: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Бұл құжат тек 1989 жылы алғаш жарияланды. Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастайды. Осының нәтижесінде Германия Польшаны басып алғаннан кейін, Кеңестер Одағына Польшаның 12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері өтті. Кейінірек бұл территория Украина, Белоруссияға қосылды. 1940 жылы Германия Францияны басып алғаннан кейін Литва, Латвия, Эстониядағы мемлекеттік билікті Кеңестер Одағы иеленіп, Литва, Латвия, Эстония Кеңестік Социалистік Республикалары құрылды. Қызыл Армия Прибалтикаға кіргеннен кейін Кеңестер үкіметі Румынияға бұрын Ресей империясының құрамында болған Бессарабия территориясын қайтару туралы ультиматум жіберді. Нәтижесінде Буковина мен Бессарабияның жарты бөлігі Украина КСР-іне, Бессарабияның қалған бөлігі Молдавия КСР-не берілді.
Театр қойылымдарының сапасын қалай өзгертуге болады ?
Театр әр адамға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Адамның эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов « Театр - адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері - тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес » -деген болатын. Ал, бүгінде театр қойылымдарының сапасын қалай өзгертуге болады? Бүгіндері қас - қағым сәт сайын дамып, көрермен қауымға рухани әсерін тигізіп, эстетикалық тәрбие беріп жүрген өнердің бірі театр қойылымдары. Шыны керек, қазір" жастарды кітап оқымайды, театрға бармайды", дейтіндер көп. Олай болса жастарды мәдениеттің мекені театрға тартудың жолы қандай? Театрда жақсы қойылым қойылса, жастар міндетті түрде барады . Қазіргі жастардың ырғағы өзгеше , талғамы да жоғары. Шетелге барады, бармаса интернет бар, көреді, бізде де сондай деңгейде болса дейді. Жақсы дүние ешқашан жерде жатпайды. Сондықтан , сапалы қойылым қоюға ұмтылу керек. Бізде дыбыс, жарық түсіру жағынан да мамандар жетіспейді, соларды оқыту керек. Заман дамыған сайын, қалып қоймай, қоса дами түскен абзал. Әлем классиктерін сахналау да маңызды, себебі оларды оқыған бір бөлек, көрген бір бөлек. Көрермен әсер алып, тірідей көргендей болып қайтады . Театрдың құдыреті - кейіпкерді тірілту. Театрға келген адам өзгеріп қайтады. Себебі сол сахнадағы кейіпкермен бір залда отырғандай, сөйлескендей болып , əлеміне енеді . Театр өнерінің бір қасиеті - осы. Кейіпкермен бетпе - бет келу. Осы мәселеге көп көңіл бөлу керек , сонда көрермен де көп болады деп ойлаймын . Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні , Рухани кемелдік пен мәдени өсуге ықпал ететін бірден - бір орын – театр. Өнеге көзі тәрбие ошағы саналатын театр қойылымдарының сапасы жоғарылай берсе деймін !