Шырқ айналар шіркін тауық, Жемің болса қолында, Қайдағысы сені тауып, Топырлайды жолында. Досыңмын деп ант береді, Жем іздеген жанама. Жем таусылса жалт береді, Сенерлік дос, санама. Нағыз достар, бір-ақ қалып. Шыңдап берік сүйіскен. Бір-біріне сыр ақтарып, Сыр түйінін түйіскен. Әр адамның ішкі сыры, Берік қойма сақталған. Сол қойманың бір түкпірін, Достың досы-ақ ақтарған. Кейде ашуға сол түкпірді, Іздейді жан жақынын. Шертеді жан сырлы жырды, Сырлас жанын шақырып. Тыныс керек кейде жанға, Кейде жанға ән керек. Күй шертуге анда-санда, Сырласарлық жан керек. Ішкі сырды мысал етіп, Біраз ғана жырлайын. Суреттеуге тауға кетіп, Суретті ептеп сырлайын.
Объяснение:
ответ:Келіп қалды-жедел өткен шақ, ертең келіп қалады-ауыспалы келер шақ, келіп жатыр- нақ осы шақ.
Танымады-жедел өткен шақ, ертең танымас-ауыспалы келер шақ, танымай жатыр- нақ осы шақ.
Киген-жедел өткен шақ, ертең киеді- ауыспалы келер шақ, киіп жатыр-нақ осы шақ.
Мазаңды алды-жедел өткен шақ, мазаңды алады- ауыспалы келер шақ, мазаңды алып жатыр-нақ осы шақ.
Шайқалды-жедел өткен шақ, шайқалады-ауыспалы келер шақ, шайқалып жатыр-нақ осы шақ.
Үсік шалды-жедел өткен шақ, үсік шалады-ауыспалы келер шақ, үсік шалып жатыр- нақ осы шақ.