М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Космос1986
Космос1986
15.10.2022 15:54 •  Қазақ тiлi

«Уақытты үнемдей біл» деген тақырыпта эссе жазыңыз (50-100 сӛз). по этим критериям

a) эссе құрылымын сақтаңыз. [1]

b) өз ойыңызды дәлелдеңіз. [1]

c) орфографиялық және пунктуациялық нормаларды сақтаңыз. [2]

d) тілдік құралдарды қолданыңыз. [1]

18. a) уақытты үнемдеудің 3 жолын анықтаңыз. [3]

d) өзіңіздің 2 ұсынысыңызды жазыңыз.​

👇
Ответ:
LadyK15
LadyK15
15.10.2022

Уақыт – біздің өміріміз. Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ. Уақытты босқа өткізу – мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды бұл өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!-

дейді Мұқағали Мақатаев. Расында кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақытты ұлы ұстаз дейді. Ал мен уақытты ұстаз санайтын қауымның қатарынанмын. Уақыттың мені сүріндірген кезі болған емес дей алмаймын. Алайда қолдаған, басымнан сипап көтерген сәті аз емес. Ес біліп, етек жинаған сәтімнен бастап саналы әрекет етуіме, сылбыр ойға жол бермеуіме, ақыл таразысына абай болуыма әсер еткен отбасымдағы тәрбие десем, тәрбиенің бойыма сіңімділігіне әсер еткен уақыт пен оның төрелігі дер едім.

Уақыт – менің өмірім. Мен уақыттан, ол менен ажырай алмаймыз. Ширек ғасырға жетпейтін жиырма жылдық өмірімді уақыт таразысына салып қарасам, ол мені біраз есейтіпті. Бір түйгенім: уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді екен. Сыйлаған қуанышы мен қайғысының төрелігін өзі беріп, емін де өзі жасайды. Біздің қолымыздан бәрі келеді. Біз біраз нәрсені жасап өзгерте аламыз. Тек уақытты емес. Біз уақытқа ешқашан әсер ете алмаймыз.

А ң ғаламшарға бір-ақ рет келетін қонақ екені барлық пендеге белгілі жай. Мұны әлемдік заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов «Өмір – бар табиғатымен трагедия, а көзін ашып пәниге келген сәттен бастап өлімге біртіндеп таяй береді»,– деп қорытындылаған. Ұлы жаратылыстың шетсіз де шексіз уақыт өлшемі бойынша қарағанда бір адамның бұл дүниеде ұзақ ғұмыр кешуінің өзі қасқағым сәттей ғана іс. Тіршіліктің басымен аяғына бағамдай қарасаңыз, адам өмірінің алтын дәуірі, нәтижелі, мағыналы, саналы ғұмыры тіпті қысқа. Жер бетінде су ішері көп болып, жүз жасаған а қ шағындағы жиырма жылымен қартайған тұсындағы қырық жылын шығарып тастасаңыз оның мағыналы, мәнді ғұмыры, алтын дәуірі тек қырық жыл ғана болмақ. Талайына бұйырған алтын дәуірі ұзын не қысқа болсын, оны алтындай ардақтап, өз биігінде оңды пайдалана алған зерделі жандар артына мәңгілік өшпестей із қалтырып кетеді, ал өмірін санасыз мақұлықтай, сенделіп өткізетін зердесіз жандар өзінің адамдық, азаматтық борышын да өтей алмай артына ешбір із, белгі қалдыра алмай кетеді.

Дүниеге уақыт және өмір көзқарасы бойынша талдау жасап, адамдарда болатын уақыт танымының күшті-әлсіздігіне негізделе отырып, адамдарды үлкен жақтан ең әуелі уақытты қадірлейтіндер және уақытты қадірлемейтіндер деп екі үлкен топқа жіктеуге болады. Бірінші, уақытты қадірлейтіндер. Мұндай адамдар уақытпен жарысады. Оларда мейлі қандай іске болмасын алдын-ала дайындаған айқын мақсаты мен нысанасы, соған жету үшін белгілеген жоба-жоспары, соған сай өзіне қойған қатаң талабы, берік ирадасы болады. Олар күн мен сағатты былай қойып, минут не секундты санап, соған сай іс тындыруға құлшынады. Олар тіпті жатқан, тұрған, жүрген, отырған кездерінде өзінің көздеген нысанасына тез жетуге асығады, соған бас қатырып, амал қарастырады. Олардың барлық ісі алдын ала белгіленген жоспар бойынша өз уақытында орындалады. Олар күнделікті өмірде қажырлы, қарапайым, үнемшіл болып, аз бодау беріп көп іс тындырады. Олар өзін алдайтын, уақытты босқа өлтіретін баянсыз, мән-мағынасыз іспен айналыспайды. Тұрмысы әрқашан ретті, жинақы болады. Кей кездері уақытты қадірлейтіндер әлгі уақытты қадірлемейтін тоғышарлар жағынан “Орынсыз әлек болушы, өзін бекер азаптаушы, тіпті дені сау еместер” делініп түрлі жазғырулармен даттауларға ұшырайды. Уақытты қадірлейтіндердің тынбай құлшынуынан күндер өте келе таудай табыс, мол нәтиже туындайды да ол уақытты қадірлемейтін жалқау, тоғышарлар жағынан жазғыруға, көре алмауға, күндеуге ұшырайды. Уақытты қадірлейтіндер әртүрлі іске біртіндеп даму заңдылығы бойынша талдау жасап, көздеген шыңына бағытталған алғашқы қадамының өзін зор сеніммен, үміткерлікпен бастап, көңілге алған биігіне бір-бір қадамнан өрлеп шығуға, онда жолығатын әрқандай қиындыққа бас имеуге белін бекем буады. Ол әсте әлгі уақытты қадірлемейтін жалқау, тоғышарлар сияқты бетке алған ісінің қиындығына төзімсіздік танытып, бастаған ісін жол ортада қалдыратын тұрлаусыз қылықтардан аулақ болады. Соңғы нәтижеде уақытты қадірлемейтін жалқау, тоғышарлар ұтылып, бұл өмірден із дерексіз кетсе, ал уақытты қадірлейтіндер ұтып, артына мәңгі өшпестей белгі, із қалдырып кетеді. Уақытты қадірлейтіндер өзінің шекті өмірінде, артына шексіз байлық, соңғылар алқап, аузынан тастамайтын, үлгі-өнеге етерліктей адами құндылық, ұлағатты ұстаздық обыраз тіктеп кетеді.

4,6(56 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Менің ұлым авар анасы  үйреткен тілді ұмытпауға тиіс»  деп басталатын бұл эссенің мағынасы тереңде.  Тіліңді ұмытқаның – еліңді, тарихыңды, анаңның ақ сүтін ұмытқанмен пара пар деген түпкі идея жатыр. Тілін ұмытқан кез келген адам – өткенін де бүгінін де мәңгі ұмытты деген сөз. Бұл эсседе өз ана тіліңді ұмытып өзге елде ғұмыр кешкенше, тірі басып жүрмей-ақ қойғаның абзал деген мазмұн бар.

«Ана тілім! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім-сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері тірлігімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі.Ернім күбірлейді.Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді.Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем.Осының бәрі менің тілімде бар» – деп дағыстан ақыны тілін, елін тебірене сөз етеді.

Объяснение:

4,6(85 оценок)
Ответ:
zonanip
zonanip
15.10.2022

объяснение:

ала тышқан кеңшілік және орта бизнес жер ә сыныбы тарих мәдениет спорт туризм ішкі саясат қазақстан халқы ассамблеясының дизайн және сәулет өнері факультетінің құрамына өтті және сәулет ескерткіші ұлытау ауданының әкімі аппараты атырау облысы әкімінің аппараты туралы ереже облыстық телекоммуникация және сәулет ә стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты қазақстан республикасының президенті нұрсұлтан назарбаевтың жарлығымен қазақстан республикасы мемлекеттік органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге мүмкіндіктер беріп отыр деген ой келді ме еді ғой бұл туралы бүгін астанада өткен ассамблея туралы ассамблея кеңесі премьерінің және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мм жалпы ақпарат мемлекеттік органның ағымдағы жылдың сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін қазақ агротехникалық университеті мен толықтырулар енгізу туралы қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері қр президентінің ресми сайты павлодар облысы білім беру саласы мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің заманауи әдісін қолдану үшін сілтеме

4,8(19 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ