Құрамы: 1 келі ет Қазы, қарта 100 грамм бидай 100 грамм күріш 100 грамм жарма (перловка) 100 грамм тары Тұз 3 литр су 1 литр айран Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатыңыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатыңыз. Екінші жарманы және күрішті салып,. 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз. Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап турап, барлығын сорпаға айранмен қосып араластырыңыз.
ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық мамандары әлем бойынша алған рет тағы бір сәтті операцияны не істейді?