Ауылдарыңның, туған қалаларыңның тарихына үңіле отырып, ондағы көне жәдігерлердің құндылығы туралы эссе жазыңдар. Эсседе жалқы есімдердің күрделі түрін және дәйексөздерді қолданыңдар.
Қазіргі таңда еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін қолданатын бұл интернет желісін сөз етпейтін жан жоқ шығар, сірә. Тіпті кей адамдар интернетсіз бір күндерін де өткізе алмайтын жағдайға жетті. Бұрынғы мен қазіргіні салыстыруға да келмейді. Мысалы бұрынғы балалар далада түрлі ойындары өздері құрастырып, жүгіріп, секіріп ойнаса ал қазіргінің балалары үйде отыроып ақ өздері секіріп, жүгірмесе де түрлі компьютерлік ойындар арқылы адам тәрісдес роботтарды секіртіп, жүгіртіп интернет арқылы достарымен жарысатыны бар. Айтпағы интернетті тек керек жағдайға ғана қолданса екен.
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)