НАЙДИТЕ 10 СЛОВ С ОКОНЧАНИЕМ "ЖАЛҒАУ" Сәлем, достар! Менің атым — Әлібек. Мен сендерге өз отбасымды таныстырамын. Бұл - менің отбасым. Менің отбасым да басқа қазақ отбасылары секілді үлкен. Менің отбасымда атам, әжем, әкем, анам, ағам, інім, қарындасым бар. Бәріміз бірге тұрамыз. Қазақ отбасының жақсы дәстүрі көп. Олар: жасы үлкен адамға жол беру, төрге отырғызу, қарсы сөйлемеу, қызды сыйлау. Үлкендер жасы кішілерге қамқоршы болады, кеңес береді, ақылды болуды үйретеді. Қазақ отбасында жасы үлкен адамды ерекше құрметтейді. Әкем маған: «Үлкенді құрметте, кішіге қамқор бол!» бол!» - дейді. Мен де атам мен әжемді, әкем мен анамды, ағамды құрметтеймін. Ал ініме, қарындасыма көмектесемін. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, қолөнерге, ақша табуға, қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқуға үйреткен. Қазақ дәстүрі бойынша, үйде, көшеде ер адамдар бір-біріне қол беріп аманда- сады. Жасы кіші адам үлкенге: «Ассалаумағалейкум!» деп амандасса, үлкендер: «Уағалейкумсалам!» - деп жауап береді. Ал мектепте, қоғамдық орындарда ер адам- мен де, әйел адамдармен де «Сәлеметсіз беlу - деп амандасады. Адамдарды таныстырғанда үлкенге кішіні, әйел адамға ер адамды бірінші таны- стырады. Ондай кезде: «Танысып қойыңыздар», «Таныстыруға рұқсат етіңіздер!» — деп айтады. Мен өз отбасымды жақсы көремін, қазақ отбасының дәстүрлерін құрметтеймін, сақтаймын.
Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме? тақырыбына диалог құрастыру.
Дәрігер: Сәлеметсіз бе, қандай шағымыңыз бар?
Емделуші: Қайырлы таң, дәрігер мырза! Кеше түстен бері өзімді жайсыз сезініп, басым ауырып, қан қысымым жоғарылап кетті. Түнде де дұрыс ұйықтай алмай, таң атысымен қабылдауыңызға келіп отырған жайым бар. Кеше ауа райы да бұзылып, жайсызданып кетті ғой. Осы ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?
Дәрігер: Жеңіңізді түріп жіберіңізші. Қан қысымыңызды тексеріп көрейін. Жалпы ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған. (...) Қан қысымыңыз бен жүрек қағысыңыз жоғарылап тұр.
Емделуші: Енді не істесем болады? Емдік шараларын қолдануым керек пе?
Дәрігер: Иә, қазір жас ерекшелігіңізге байланысты қабылдайтын әрі қан қысымын түсіретін дәрі жазып беремін. Ол дәріні әлеуметтік дәріханадан тегін алып, нұсқаулыққа сай пайдаланып, екі күннен кейін тағы да бір тексерілуге келіңіз. Үйде жағдайыңызды бақылап тұрыңыз, себебі қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криз секілді аурулардың дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған.
Емделуші: Жақсы, көп рахмет, дәрігер мырза.
Дәрігер: Сау болыңыз, ауырмаңыз.