1. Әскери қызметшілердің саптық элементтері мен саптық қалыбы туралы не білдіңдер? 2. Қайта сап құру үшін қандай командалар беріледі?
3. Әскери қызметшінің міндеттерін анықтаңдар.
4. Алдын ала берілетін және орындалатын командалар ерекшелігі туралы айтып беріңдер. Алдын ала берілетін команданың қажеттілігі неде?
5. Сап, қатар, қаптал, маңдайшеп, саптың тыл жағы, аралық, арақа- шықтық, сап ені, саптың тереңдігі сияқты сап элементтеріне анықтама беріңдер.
Маңғыстау облысы экологиясы ауыр аймақтардың қатарына жатады. Мұнда ауа бассейні табиғи және антропогендік жолдармен ластанады.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп объектілері Ақтау, Жаңа Өзен қалаларының кәсіп орындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ақтау қаласында осындай 26 кәсіпорын бар. “ Маңғыстау мұнай “ өндірістік бірлестігі бойынша 110-120 мың т ластағыш заттар шығарылды, ал Қазақ газ өңдеу заводында осындай көрсеткіш 23мың т жетеді.