Ақыры солай болды. Тауықтар жыл айналу былай тұрсын, сол жылдың қара суығына дейін өз шығынын өтеп, артық табыс шығарды. Қыс бойы тауықтың қорасын үлкейтіп, оларды жақсылап күттім. Қар кетіп, күн жылып, көктем шықты. Біздің құс саудамыз жалғаса түсті. Көктемде Тайлақтың ақылы бойынша ауыл сыртына тауық баз жасадық. Екі-үш жұмысшы жалдадық. Ең бастысы орталық базарға дүңгіршек орнатып, шағын сауда нүктесін аштық. Сатушысы әзірге өзіміз. Ал дүңгіршекте тауық еті, жұмыртқа, шөже, құс мамығы дейсің бе, бәрі бар.
Объяснение:
Здесь нет ошибки это правильно