Қарасай Алтынайұлы (1589-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына айналған аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс — шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға және олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999). Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Шежіре дерегі бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желді, Қалды есімді үш ұл туады. Малдыдан Екей, Еміл, Емілден Жайық пен Есқожа туады. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есімді үш ұл туған. Алтынайдың үшінші әйелінен Қарасай батыр туған. Сөз орайында айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы. Атап айтқанда Қарасайдан Көшек, одан Айдар, одан Мырзатай, одан Кенбаба, одан Еділ, одан Сапақай, одан Назарбай, одан Әбіш, одан Нұрсұлтан туады.
Объяснение:
өмірінде көптеген түрлі құндылықтар кездеседі. ең маңызды құндылықтардың бірі - бұл отбасы.
менің отбасым - анам, әкем және ағам және мен. менің анамның аты - елена, ол бүгін инженер болып жұмыс істейді, менің әкемнің есімі - александр, ол жүргізуші. мен колледжде, ал ағам 9-сыныпта оқиды.
демалыс күндерін бірге өткіземіз. әдетте біз бір күнді үй жұмыстарына береміз, содан кейін демалу үшін бір жерге барамыз.
бізде отбасылық дәстүр бар. біз барлық мерекелерді бірге өткізуге тырысамыз. әр жаз сайын 5 жыл бойы біз алакөл көліне демаламыз.