сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
морфологиялық сипаттарысын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. мысалы: семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал).
синтаксистік қызметісын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. мысалы: үш-ақ нәрсе - ң қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (абай).
сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. мысалы: төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (ғабит махмұтұлы мүсірепов).
сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. мысалы: жақсы студент жақсы оқиды.
сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.
егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. мысалы: ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кеңжолмен келеді (ғабиден мұстафин).
семантикалық топтарысын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық(туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай? ) деген сұрауларға жауап береді.
сапалық сын есімдер"сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т. дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.[1]
қатыстық сын есімдерқатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.
осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. мысалы: үй базар, үй мазар (мақал); өткір пышақ қол кесер (мақал); бұл - жазғы жайлы қоныс (мұхтар омарханұлы әуезов).[2]
1. Сан есімі бар мақалды табыңыз
А) Бес саусақ бірдей емес
В) Екі қолын бірдей көтерді
С) Ортада екі ұзын көше жатыр
D) Он оқушы саябаққа барды
Е) Екі қолда он саусақ
Бұл барлық нұсқаларда сан есім бар.
2. Лепті сөйлемді табыңыз
А) Апырай, табиғат ана шебер-ақ қой
3. Омоним болатын сөзді табыңыз
А) дүние
Дүние - өмір
Дүние - зат
4. Қысаң дауысты дыбысты табыңыз
А) ы,і,и
5. Етістік құрамына қарай бөлінеді
А) 2
6. Етістік құрамына қарай бөлінеді
А) дара,күрделі
7. Қазақ тіліне тән дыбыстар саны
A) 9
8. Тұйық буын деген не?
A) дауыстыдан басталып дауыссызға бітеді
9. Еріндік, жіңішке әрі қысаң дауысты дыбыстарды табыңыз.
A) ү
10. Үнді мен қатаң дауыссыздар қатар келген сөзді табыңыз.
A) Қыста қар қалың жауды.
11. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.
B) балалар
12.Синоним сөздерді табыңыз.
A) шыдамды, төзімді
C) қария, қарт
D) әдемі, көрікті
E) атамекен, отан
Бұл 4 нұсқада дұрыс
13. Мақалды табыңыз.
A) Жері байдың елі бай.
14. Антонимді табыңыз.
A) ашық,жабық
15. Қайталама қос сөзді табыңыз.
A) тау-тау,көре-көре
16.Қосарлама қос сөзді табыңыз
A) ата-ана, әке-шеше
17.Қысқарған сөздерді табыңыз
A) БҰҰ,ТМД,АПИ
18. Қате жазылған қатарды табыңыз.
A) АҚШ-на,ТМД-ғы,ҚазМУ-не
19. «-ау, -еу» қай сөз табының жұрнағы.
A) Сан есім
Мысалы: біреу, екеу
20. Етістікке қатысты емес терминді табыңыз.
B) рай
21. Жалғау жалғанбайтын сөз табын табыңыз.
B) Етістік
22.Көптік жалғауын табыңыз
A) –лар, -лер
Мысалы: жануарлар
23.Тәуелдік жалғауын табыңыз
A) –ың,-ің,-ыңыз,-іңіз
Мысалы: Сіздің затыңыз.
24.Жіктік жалғауын табыңыз
A) –мын/-мін
25.Септік жалғауын табыңыз
A) –дың,-дің