М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kotik53Tv
kotik53Tv
27.04.2022 10:52 •  Қазақ тiлi

5-тапсырма. «А.Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры» тақырыбына шағын мақала жазыңдар.

👇
Ответ:
akena0932
akena0932
27.04.2022

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған шығармаларында редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадырларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады. Оқу- ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл форманы мықтап ұстауға итермелеген- оның туған халқының тағдырын ойлаған .ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел болатын.Халқы үшін сол кезде қаққан ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда» болған «қайран ел, қайран жұрт» еді.  

Ахммет Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған бір қаруы- ағартушылық идеясы болды.

Объяснение:

4,5(43 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
kuryaevm
kuryaevm
27.04.2022
Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын. 

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады. 
Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ. 
4,6(69 оценок)
Ответ:
Bksd
Bksd
27.04.2022

ІІД-де халықтың тұрмысы жақсарған сайын, қылмыс санының да артып бара жатқанын айтады. Өзіміздің ұрыларымыз жеткілікті, бірақ статистиканы «гастролерлер» бұзып отыр, қала экономикалық тұрғыда ауқатты болған сайын, соғұрлым тартымды болады. Сондықтан бізге оңтүстіктен де, солтүстіктен де, таяу шетелден де, шалғайдан да, мәселен, Кавказдан немесе Әзірбайжаннан да келуге ерінбейді... Бұл тұрғыда Атырау майлы шелпекке айналған. Әсіресе, тонаушылар үшін көршілік қарым-қатынас жолға қойыла қоймаған жаңа үйлер өте қолайлы. Бұл тұрғыда үй алдында шүйіркелесіп отыратын қариялардың көмегі теңдессіз. Сондықтан олармен жақсы қарым-қатынас орнату мүлік қауіпсіздігін сақтаудың бірден бір жолы. Олар біздегі көп қабатты үйлердің 99,9 пайызында жоқ консьерж қызметін алмастыра алады. Ал қалған 0,1 пайыздың жолдары болған, - дейді ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан МЫРЗАБАЕВ.

- Консьерждері бар үйлерге, әдетте, тонаушылардың қызығушылықтары бәсеңдейді. Олар үйге кімнің келгенін, нешеде келгенін жазып алып отырады. Яғни, подъезден мүліктерді алып кетуді айтпағанның өзінде, оған еленбей кіріп кетудің өзі мүмкін емес. Тұрғындары күзетті формальды тұрғыда емес, агенттіктен жалдайтын үйлер бар. Көп қабатты үйлердің көбінде қағаз жүзінде күзет қызметі бар, ол пайдалану шығындарына кіреді, ал бір жағдай бола қалғанда, олар ешқандай жауапкершілік алмайды.

Тағы бір жақсы нәрсе – домофондар. Олар да теріс пиғылды адамдардың келуін әжептәуір азайтады. Қазір ұрылардан қорғауға мүмкіндік беретін түрлі құралдар мен аспаптар жеткілікті. Әрине, қылмыстардың көп бөлігі аяқ астынан жасалады, алайда кәсіпқой ұрылар өзгеше әрекет етеді. Олар өздері нысанаға алған нысанды: кімнің тұратынын, қандай көлікке мінетінін, қайда жұмыс істейтінін, үйден нешеде шығып, нешеде келетінін, есік пен терезелеріндегі ілмектердің қандай екендігін ұзақ зерттейді. Мұндай жағдайда есіктің көзіне орнатылған шағын камера арқылы қылмыстық пиғыл туралы біліп, оларға осылайша ескерту беруге болады. Базар ұрыларды қорқытып-үркітетін қымбат емес құралдарға: кездейсоқ жанасқан кезде іске қосылатын сиреналарға, «пугалка» деп аталатын бақырауықтарға толы. Бұлардың барлығын мамандарды шақыруға қаржыңыз жетпесе, өзіңіз орнатуыңызға болады. Дабылдатқыштар секілді кәсіби деңгейдегі күзет жүйелері сенімдірек екені даусыз. Бұлар қымбат дүние, дегенмен, егер қожайындары жиі әрі ұзақ уақытқа басқа жаққа жиі кететін болса, нағыз керек құрал осы. Күзет агенттіктерінің мұндай қызмет түрлерін вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар жиі пайдаланады.

Билік те осы проблеманы қолға алған. Қазір қалалық әкімдік «Қауіпсіз аула» бағдарламасын енгізуде. Ол ықшамаудандар мен аулалардағы ахуалды жақсартады деп үміттенеміз. Бұл бағдарлама тәулік бойына бейнебақылау жасайтын болады.

Жеке үй-жайлардың қожайындарына цокольды немесе бірінші қабаттың терезелеріне темір тор немесе металл рольставнилер , кіре беріске мықты есік орнатуға кеңес берер едім. Биік дуал, сенімді қақпа және домофоны бар есікшенің де, бейнебақылау камерасын орнатып, бастысы, ит асыраудың да маңызы зор. Оқпен атылатын қаруды да ұстауға болады, тек арнайы сейфіңіз болса ғана. ІІД жеке үй-жайда қару сатып алып, сақтауға рұқсат береді. Бірақ, есіңізде болсын, бұл физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық жағынан дайындығы бар адам үшін өзін-өзі қорғаудың бір түрі. Кез келген адамның, тіпті қылмыскерді де атуға қолы бармайды.

4,5(29 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ