анадан кыз тәрбие алмаса ертең ол кыз келін болғанда тәрбиесі нашар болады және үлкенді силау кішіні тыңдауды коят ондай кыздар өте жаман анадан тәрбие алған кыз ол үлкен жетістіктерді бағындырып отырады жахсы тәрбие болат акылды болып өсет және ананың тәрбиесі ол тәрбие үлкенді силауга кішіні курметтеуне ап келет ол ең жахсы ең әдемі кыз ол сол ана тәрбиесін көрген кыз болады тәрбие көрмесе артында калган урпак та киналып осет акша табуы киын болат ол тәрбие көрмесе балдары да тәрбиесіз болат.
Ал ұлдар атадан тәрбие алмаса олардын колнан дым келмейді ак саусак болып калат олар тіпті ауыл кыздарының істегенін стей алмай калат күші аз болат жеті атасын блми отет жеті атасын білмеген еркек еркек емес болып есептелет жетім деп ал тәрбиені атадан алса ол кезде ол бала ертең өз семия сын аспай алат Кара жұмыскада шыдамды батыр болат жеті атасын біліп намаз охуга дин барат тіпті молда болуы ата әже ана әке тәрбиесі ол үлкен дүние солардан тәрбие алған жөн
Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.
Тұранның шексіз-шетсіз шөлі қандай,
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері:
Тасыса, шөлді басқан селі қандай!
Тұранның таулары бар аспанға асқан,
Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,
Жаралып таудан аққан салқын жастан.
Шөлдер бар, жел де жүрмес,сап-сары құм,
Моладай ешбір үн жоқ мәңгі тып-тын.
Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде,
Сар құмда салар ойнақ пері мен жын.
Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,
Шалқыған егі-шетсіз Теңіз,Арал.
Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің
Бауырында дүние көрген түрік көкжал.
Ертеде Оқыс, Яқсарт —Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында
Табасың қасиетті бабаң бейітін.
Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,
Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!
Еріксіз ер түрікті ойға аларсың
Көкке асқан Хантәңіріге қарай-қарай