достық – ң бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. мысалы, біреуінде ққ не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “досы жақсының, өзі де жақсы”, “дүниеде ң жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; саясаттанудағы достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, қ, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. өзі шынайы дос бола білген ң достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Достық туралы мақал-мәтелдер.
Синонимі бар:
1) Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.
2) Достық пен жолдастық
Тату үйдің бақыты тасыр,
Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар
Антонимі бар:
1) Алыстағы досыңа
ат берсең де жарасар —
үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
хат берсең де жарасар —
ұмытса есіне алсын деп.
2) Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.
3) Дос көңіліңді суытып айтады,
Қасың ойыңды жылытып айтады.
4) Пайданың зоры – дос үшін шеккен зиян.
Омонимі бар:
1) Айтулы достың малы бір,кемедегінің жаны бір.
Бұл жерде омонимі бар сөз – жан: 1) адамның , жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты туралы түсінік; 2) бір нәрсенің шеті:үстелдің жаны т.б.
2) Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар.
Бұл жерде омонимі бар сөз – ат: 1) адамның есімі; 2) жылқының бір атауы; 2) іс-қимыл:қоянды ат т.б