М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
AndruxaS
AndruxaS
28.01.2021 20:01 •  Қазақ тiлi

Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап, үзілген тұсынан сұрақтарға өз болжамыңызбен жауап беріңіз. Түпнұсқаны тыңдаған сайын өз жауабыңызбен салыстырып, кері байланыс беріп отырыңыз. Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы Көкшетау», «Жер жаннаты Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Сұрақ: Ол қандай өзгерістер боуы мүмкін? Мысал келтіріп көріңіз. Өзгерістердің барлығы адамзат қолымен жасала ма әлде табиғат құбылыстарының да әсері бар ма? мен Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен ТЫҒЫЗ байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика, негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ҒЫЛЫМЫ зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады. Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Сұрақ: Күн мен түннің ауысуы және Күннің тұтылуының себептері неде? Болжамды жауабыңызбен бөлісіңіз. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.

👇
Ответ:
olchik75
olchik75
28.01.2021

Тіркек сөз табиғат қошаған орта адам биология гүл қозғалыс бұлақ мұз жер_ана су жануар

Объяснение:сұрақТабиғатта қандай үздіксіз өзгерісте болып жатыр ?

Неге табиғат құбылыстары бір бірімен тығыз байланысты?

Неге адам табиғаттың ажырамас бөлігі ?

Неге ата бабаларымыз туған жерге табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген

4,6(48 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Gulase
Gulase
28.01.2021
Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 т асып, 500 қалқаға тіреледі. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманауи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.

Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдерінің қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Күшті қарқынды даму қалаға астананы ауыстыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін келді. 10 жыл ішінде Астана өзінің өзгеше және заманауи көркін табуына бұл оқиғаға міндетті. Қала көз алдында өсіп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, астана қонақтарын қуантады. Әрбір біздің қалаға келуіңізде, сіз барлық жаңа объектілердің куәгері ретінде, астананың қалай қарқынды өсіп және өзгергеуіне таңдана қарайсыз.
4,6(24 оценок)
Ответ:
max19811
max19811
28.01.2021

Объяснение:

Біліміңді тексер

1. Аграрлық төңкерістің өнеркәсіп төңкерісінен ерекшелігі неде?

2. Англиядағы өнеркәсіптік төңкерістің алғышарттарын ата.

3. Өнеркәсіп төңкерісінің дамуы қандай салаларды қамтыды?

4. Қандай жағдайлар жұмысшылар ортасында наразылық тудырды?

5. Капитализмнің мануфактуралық даму сатысынан фабрикалық даму сатысына

өтудің барлық алғышарттарын атап көр.

6. Неге ХІХ ғасыр тарихқа «мәшине» ғасыры, «темір» ғасыры ретінде кірді?

7. Аристократияның буржуазиямен қосылуына, «жаңа» таптың қалыптасуына

қандай жағдайлар себеп болды?

8. XIX ғасырдың екінші жартысында «орта таптың» қоғамдағы рөлі қандай

болды?

9. Буржуазия қандай қасиеттерімен ерекшеленді?

4,5(100 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ