Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп,біркелкі болып қолданылуы.Үндестік заңының 2 түрі бар:буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
1) Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.Түркі тілдері,оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді,яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.
Мынадай сөздерде:
1.қос сөздерде (аман-есен,асты-үсті т.б.)
2.біріккен сөздерде (шекара, ба з,кәсіпорын т.б) буын үндестігі сақталмайды.
Буын үндестігі сөз бен қосымша арасыңда да сақталады,яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады.Мысалы:тас-қа (тас-ке емес),үй-лер (үй-лар емес),құс-ты (құс-ті емес) т.б.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалармен қатар (-мен,-бен,-пен,-нікі,-дікі,-тікі,-паз,-қор,-қой т.б.),кірме сөздерде де буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар болады (кітап,алгебра,цехтан,рульді т.б.).
2) Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі.Оның 3 түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
1.Ілгерінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі.Мысалы:қаш-са (қашша),көзқарас (көзғарас),ақ балық (ақ палық) т.б.
2.Кейінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі.Мысалы:бас+шы (башшы), Есенгелді (Есеңгелді),он бес (ом бес) т.б.
3.Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.Мысалы:Досжан (Дошшан),Жиенқұл (Жиеңғұл),тас жол (ташшол) т.б.
Адам үшін судың пайдасы туралы бұрыннан белгілі. Ол әлемнің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Су барлық халықтар үшін табынушылық деп саналуы таңқаларлық емес. Адамды бастапқы тазалыққа қайтаратын әдет-ғұрыптар немен байланысты. Су құнарлылықты бейнелейді, сондай-ақ әлемнің басы мен соңын бейнелейді. Даос тәжірибесінде фэншуй байлық пен молшылықты білдіреді. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда су денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, су тақырыбына арналған әр түрлі көздерде-адам ағзасына пайдасы мен зияны, батпақты жерлерден шыққан сұйықтықтың аурулар мен түрлі қиындықтарға әкелуі мүмкін.
вроде бы правильно, если что можете другой пример написать