М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
arisha70
arisha70
26.03.2023 08:23 •  Қазақ тiлi

Мәтінді мұқият оқып үзілген тұсынан сұрақтарға өз болжамыңызбен жауап беріңіз. Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Сұрақ: Ол қандай өзгерістер боуы мүмкін? Мысал келтіріп көріңіз. Өзгерістердің барлығы адамзат қолымен жасала ма әлде табиғат құбылыстарының да әсері бар ма? ... Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика, негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады. Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Сұрақ: Күн мен түннің ауысуы және Күннің тұтылуының себептері неде? Болжамды жауабыңызбен бөлісіңіз. ... Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
monster19977s2
monster19977s2
26.03.2023

менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. әдетте көп демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. сол үшін демалыс кезінде барынша ата-анама көмектескім келеді. алайда, басқа қалаларға да әжеммен бірге жиі барып тұрамын. мен үшін туған жерімде өткізген демалыс күндерім өте қызық. менің бұл жақта достарым өте көп. біз ер болғандықтан, көбіне футбол ойнағанды жақсы көреміз. алайда, одан басқа түрлі ойын ойнаймыз. каникулдың ортасында ата-әжем тұратын ауылға барып қайтамын. ол жақ мен үшін тамаша мекен, каникул басталса мені әсте сол жақ тартып тұрады. неге екенін білмеймін? ! ол жаққа барсам, ата-әжемнің ерке немересіне айналған соң шығар. олар өте жақсы , мен барсам бар дәмдісін алдыма қояды. атам маған үнемі дана, ұлы ғұламалар айтқан сөздерді жиі айтып отырады. мен олардың барлыған жадымда сақтауға тырысамын. өйткені, ол сөздер ға дұрыс жол бағыттайтын сөздер. мен үшін ең ашық аспан ата-әжем тұратын ауылдың аспаны. жұлдыздар аспанда саң мыңдап түрлі пішін көрсетіп тұрған секілді. атам екеуіміз жетіқарақшыны санап, ауылдың салқын самалымен ұйықтап, шығыстан атқан күнімен бірге оянамыз. таңғы шайды тәттілеп ішіп, айраннан ұрттап, азаннан кешке дейін ауыл ойнаймын. ауылда менің достарым өте көп, біз түрлі ойын ойнаймыз.  

4,6(44 оценок)
Ответ:
Appledog
Appledog
26.03.2023

Менің Түркияға алғаш саяхатым.

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма  ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем деболады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.

Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әрі сапарларымыз көп болғай!

4,6(73 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ