Менің қысқы демалысым
Қысқы демалыс басталысымен мен ауылға кеттім. Онда менің атам мен әжем, көкем мен тәтем және бауырларым тұрады. Көкеме қар күреуге көмектестім. Бауырларыммен қардан аққала жасап, есік алдында өсіп тұрған шыршаны ойыншықтармен безендірдік. Ауыл балаларымен қырдан шана тептік, қар лақтырысып ойнадық. Ойнап келген соң, әжемнің ыстық бауырсақтарымен шай ішетінбіз. Жаңа жылда қаладан ата - анам келіп, бәрімізге сыйлық әкелді. Қысқы демалысым өте қызықты өтті.
Мои зимние каникулы
С началом зимних каникул я уехал в аул. Там живут мои дедушка с бабушкой, дядя с тетей, брат и сестра. Я дяде чистить снег. С братом и сестрой слепили снеговика, украсили игрушками елку во дворе. С другими детьми с аула катались на санках, играли в "снежки". После игр возвращались домой и пили чай с бабушкиными горячими баурсаками. На новый год приехали родители с города и привезли всем подарки. Зимние каникулы очень весело.
1936 жылы құрылған Алматы хайуанаттар бағы Қазақстанның ең көне хайуанаттар бағының бірі. Ол Алматының Медеу ауданында, Көк-Төбе тауының етегінде орналасқан. Хайуанаттар бағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатады.Алматы хайуанаттар бағы-хайуанаттар мен аквариумдардың еуроазиялық аймақтық қауымдастығының мүшесі. Әріптестермен байланыс және ұйымдарға мүшелік жаңа жануарларды алу үшін қажет, әсіресе сирек кездесетін түрлер.Оларды аулауға табиғатта тыйым салынған. Сондай -ақ, жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтау үшін,ұрпақ алу үшін,уақытында жұп жануарлар құру қажет.Сондықтан әлемнің хайуанаттар бағдары жануарларды алмастыруға тырысуда.Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері ғылыми қызметпен айналысады және үлкен ғылыми құндылығы бар және мемлекет меншігі болып табылатын жануарлар коллекциясын сақтау мен көбейту бойынша жұмыс жасайды.