М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
uspenza
uspenza
19.03.2022 07:35 •  Қазақ тiлi

Заттың түрін, түсін, түсін, сапасын, сынын сипатын, көлемін білдіреді. Сұрақтары: қандай? Қай? Груп Сын есім Дара Күрделі протое один корень сложное два и более корней Мысалы: үлкен Мысаты өте жаңа Негізгі Туынды Непроизводное Производное Мысалы: сұлу Мысаты: жақсылық Сапалык Катыстык Качественное Относительное Мысалы, ак, жаман Мысалы түскі, кірпіш

👇
Открыть все ответы
Ответ:
dariadariadaria2
dariadariadaria2
19.03.2022

1) Арай жұлдызды аспанға ұзақ қарады.

Арай – түбір сөз (зат есім);

жұлдыз – түбірі (зат есім),+ды – зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ;

аспан – түбірі (зат есім),+ға – барыс септігі жалғауы;

ұзақ – түбір сөз (үстеу);

қара – түбірі (етістік),+ды – жіктік жалғауының 3-жағы.

2) Біз сабақ туралы сөйлестік.

Біз – түбір сөз (жіктеу есімдігі);

сабақ – түбір сөз (зат есім);

туралы – септеулік шылау;

сөйле – түбірі (етістік),+с – ортақ етіс жұрнағы,+ті – жіктік жалғауының 3-жағы,+к – көпше түрде жіктік жалғауының 1-жағы.

4,5(17 оценок)
Ответ:
Katre678556
Katre678556
19.03.2022
Тіршіліктің ұлы заңы баршаға ортақ. Құс екеш құс та өзінің ұясын, құмырсқа екеш құмырсқа да өзінің илеуін қорғайды. Сол сияқты, Анадан туған екі аяқты есті пенде өзінің кіндік қаны тамған қасиетті мекенді қастерлеуге міндетті.«Отан оттан да ыстық» деген абыз бабалар. Осы аталы сөз ойыма оралған сайын, көз алдымда балалық шақтың бұлыңғыр елесі көлбеңдейді. Біздің ауыл өр Алтайдың арғы бетінде еді. ХХ ғасырдың басында қазақтың басына қара бұлт үйіріліген зобалаң заманда аталарымыз туған жермен қимай қоштасып, шекара асқан екен. Арғы бетке ауып барған ағайын тіршілігін жасады. Қытайдағы аумалы-төкпелі заманның, «мәдени төңкеріс» деп аталған саяси науқанның қыспағын көрді. Көре жүріп, Ұлы Отанға – Қазақ еліне деген сағынышын сарқылтпады.Иә, ол шексіз, ешқандай өлшемге келмейтін сағыныш еді. Ата-әжелеріміз Зайсан көлі жайлы таңды таңға ұрып әңгімелейтін. Көздеріне жас алып тұрып айтатын. Біз тыңдаудан жалықпаймыз. «Қазақ елін көрсек, қасиетті топырағына аунасақ» деген асыл арман бойымызға  күш берді.  Отанға деген ұлы сағынышпен есейдік.Қазір мен сол арманыма жеткен бақытты адаммын. Мен ғана емес, тәуелсіз елі бар, оттан ыстық Отаны бар күллі қазақ бақытты. Тек сол Алла тағала нәсіп еткен бақытты сезіну – басты парыз!Кезінде Мағжан ақын «Мен жастарға сенемін!» деп жырлаған-ды. Мен де елімнің өскелең ұрпағына зор сенім артам. Қазақ ұландарының отаншыл болып өскендерін қалаймын.Отаншыл болу – ең алдымен өткенді білу. Осынау қойнауы қазынаға толы байтақ даланың әр пұшпағын бабаларымыз ақ найзаның ұшымен,  білектің күшімен қорғағанын ұмытпа. Отан сенің отбасыңнан, аядай ауылыңнан, сол жердің тасынан, суынан, топырағынан басталады. Қазақ жері – киелі, қасиетті. Оны малмен, ақшамен, алтын-күміс, асыл тастармен бағалауға келмейді. Көне Қытай жазбаларында Шығыс ғұндардың елбасы – Мөде қаған жайлы дерек сақталған. Мөде қаған Қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі, ол құнарсыз шөлді аймақ болса да): «Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді …» – деп Қытайға соғыс жариялаған екен.Отаншыл болу – ұлтжанды болу. Ұлтсызда Отан жоқ. Болмақ емес. Ата салттың қадіріне жетпеген, ана тілін ардақтай алмаған бозөкпе отаншыл болып жарытпайды. Қай жерде «қарны тоқ, көйлегі көк» болса, сол жерді жайлы мекен санайды.Отаншыл болу – бір-біріңе бауырмал болу. «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді дана халқымыз. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» дейді кемеңгер Абай. Түйсігі бар адамға осыдан артық айтылар ақыл болмас. Ынтымағы жарасқан елді көргенде, жаудың құты қашады. Бірлігіміз барда тас қамалдай берікпіз.Отан – сенің Анаң! Сен Отаннан туған адамсың. Қазақтың қасиетті топырағынан жаралдың. Ауасы мен суынан нәр алдың. Шетелдегі 5 миллионға жуық қандасың дәл осындай бақытқа қол жеткізе алмай жүргенін есіңнен шығарма.  Атамекенді аңсап келген ағайынды өзекке теппе. Қайта оларға құшағыңды жай, бауырыңа бас.Отаншыл бол, қазақтың жас ұланы!
4,5(85 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ